С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Ташкент фармацевтикалық институты арасында жасалған меморандум шеңберінде В085-“Фармация” білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы, ТашФармИ базасында 2024 жылғы 13 мамырдан 18 мамырға дейін Фармакогнозия бойынша өндірістік тәжірибиедан өтті.
ТашФармИ Фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Фарманова Нодира Тахировна және ҚазҰМУ Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасының ассистенті. Ан В.С. жетекшілігімен, студенттер дәрілік өсімдік шикізатын жинау және өңдеу, дәрілік өсімдіктерді анықтау, морфологиялық сипаттау және гербаризациялау бойынша тәжірибиеліқ дағдыларды игерді, дәрілік өсімдік шикізатын сақтау, буып-түю, таңбалау және тасымалдау шарттарымен танысты.
Практиканың бірінші күні студенттер кестемен, практиканың мақсаты мен міндеттерімен, күнделік жүргізу ережелерімен және дәрілік өсімдік шикізатымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасымен танысты. Кафедра мен институт бойынша экскурсия өткізілді, ТашФармИ Фармакогнозия кафедрасының қызметкерлері таныстыру сұхбатын өткізіп, студенттерді кафедраның оқу үдерісімен, материалдарымен және оқулықтарымен таныстырды. ТашФармИ сайтына сілтеме: https://pharmi.uz/showblog/1133
Практиканың екінші күні студенттер доцент Д.К. Пулатова өткізген зертханалық сабақтардан кейін мәдени ағарту үшін Тимуридтер тарихының Мемлекеттік мұражайына барды. ТашФармИ сайтына сілтеме: https://pharmi.uz/showblog/1136
Тәжірибенің үшінші күні ТашФармИ Фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі Н.Т. Фарманованың және кафедра қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Самарқанд қаласына сапар ұйымдастырылды, жол бойында студенттер өңірдің дәрілік өсімдіктерімен танысты, дәрілік өсімдіктерді анықтады, гербарий үлгілерін жинады, содан кейін Самарқандтың Тарихи қаласының көрікті жерлерімен танысты.
Тәжірибенің төртінші күні студенттер Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің плантациялық учаскесіне ТашФармИ Фармакогнозия кафедрасының қызметкерлерімен бірге барды. Студенттер культивациямен және интродукциямен, өсіру әдістерімен, ДӨШ дайындау процесінің негізімен (жинау, кептіру ережелерімен және т.б.) танысты.
Бесінші күні студенттерге “Инновациялық фармацевтикалық қосылыстардың ғылыми зертханасына” экскурсия ұйымдастырылды, сондай-ақ Ф.Н. Русанов атындағы Ташкент ботаникалық бағына саяхат жасалды.
Тәжірибиенің алтыншы күні студенттер ТашФармИ Фармакогнозия кафедрасында сараланған сынақ пен тәжірибе күнделіктерін сәтті тапсырды.
Студенттер Фармакогнозия бойынша өндірістік практиканы ұйымдастырғаны үшін Ташкент фармацевтикалық институтының басшылығына, ректор К.С. Ризаевқа, проректорларға, Фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі Н.Т. Фармановаға, Фармакогнозия кафедрасының қызметкерлеріне алғыс білдіреді. Сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің басшылығы: ректор М.Е. Шорановқа, проректорлар, Фармация мектебінің деканы З.Б. Сакиповаға, Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасының меңгерушісі А. Л. Ахеловаға алғыстарын білдіреді.