Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Республикалық конкурсын өткізу және ұйымдастыру туралы Ережеге сәйкес 2025 жылғы 12–20 мамыр аралығында «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының II кезеңі қашықтық форматта базалық оқу орны «Астана медицина университеті» КеАҚ өткізілді.
«Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 2 Жоғары оқу орынынан студенттерінің 4 ғылыми-зерттеу жұмысы конкурстық комиссияның қарауына түсті. Комиссия құрамы «Астана медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры А.А. Турмухамбетованың 2025 жылғы 12 мамырдағы №367-н/қ бұйрығымен бекітілді.
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ конкурстың II кезеңіне студенттердің 2 ғылыми-зерттеу жұмысын ұсынды, екі студентте жүлделі орындарға ие болды:
II дәрежелі диплом
Танагузов Темирхан Мейрбекович – «Фармация» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Компьютерное моделирование новых производных сульфаниловой кислоты».
Ғылыми жетекшісі: фарм.ғ.д., қауымдастырылған профессор Бошкаева Асыл Кенесовна.
III дәрежелі диплом
Әділбекова Әсел Анарбекқызы – «Фармация» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Тиісті дәріхана практикасының шарттарын ұйымдастыру бойынша жобалық жұмыс».
Ғылыми жетекшісі: PhD, қауымдастырылған профессор Тлеубаева Меруерт Ильясовна.
Осылайша, СҒЗЖ конкурсы студенттердің ғылыми белсенділігінің жоғары деңгейін және дәрілік заттар айналымы саласындағы зерттеулердің маңыздылығын көрсетті.