“С.Ж. Асфендияров атындагы ҚазҰМУ” КЕАҚ 6В10104 “Фармация” ББ бойынша 4 курс студенті Ниетуллаева Қамажай фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ассистенті Назым Сайлауханқызы Пушкарскаяның жетекшілігімен “ККО. KZ” ВЕБ-сайты ұйымдастырған “Химия” пәні бойынша республикалық Олимпиадасына қатысты. Олимпиада 2026 жылдың 18 ақпанында Алматы қаласында өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша Қамажай Ниетуллаева дұрыс жауаптардың 94% -. жауап беріп, 1 дәрежелі дипломға ие болды. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті қатысушы-білім алушыларды даярлауға қосқан үлесі үшін Н.С. Пушкарскаяға алғысын білдірді. Қатысу және қол жеткізілген нәтиже студенттердің жоғары дайындық деңгейін және олардың ғылыми әлеуетін көрсетеді.