Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласына кадрлар даярлау аясында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне арналған семинар өткізілді. Бұл іс-шара ҚР фармацевтикалық саласындағы өзекті мәселелер мен практикалық аспектілерді тереңірек зерттеу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту ассоциациясының Президенті Марина Ивановна Дурманованың қатысуымен өткізілді. Марина Ивановна «Дәрілік заттарды айналымын реттеудің мемлекеттік жүйесі» тақырыбында лекция оқып, «Дәрілік заттарды өндіру және жобалау» дипломалды тәжірибесі аясында 4-курс студенттері үшін дәріс өткізді.
Дипломалды тәжірибе мақсаты мен міндеттері болашақ фармацевтика саласының мамандарын даярлау, олардың кәсіби құзыреттіліктерін нығайту және саланың практикалық аспектілерімен таныстыру болып табылады. Оқу процесінде дәрілік заттарды өндіру және айналымына қатысты теориялық білімдерін тереңдету және практикалық дағдыларын дамыту, сапа стандарттарын, сертификаттау, тіркеу және фармацевтикалық нарықты талдау мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес, дипломалды тәжірибе студенттерге дәрілік заттарды өндірудің негізгі аспектілерін зерттеумен қатар, осы білімдерді нақты жағдайда қолдану мүмкіндігін береді. Тәжірибе студенттерге заманауи фармацевтикалық өндіріс ұйымдастыру тәсілдерімен және дәрілік заттардың айналымын реттеу бойынша біліктермен танысуға мүмкіндік береді, бұл олардың дамып келе жатқан фармацевтикалық нарық жағдайында табысты мансапқа дайын болуына ықпал етеді.
Семинар барысында фармацевтикалық саланы реттеу мәселелері, соның ішінде дәрілік заттар мен медициналық құралдардың айналымын реттеу тақырыптары талқыланды.
Семинар барысында қатысушылар сертификаттау процесіндегі өзгерістер, жас мамандарды қолдауға бағытталған бағдарламалардың әзірленуі, сондай-ақ инновациялық дәрілік препараттарды жасауда ғылыми зерттеулердің рөлі туралы құнды ақпарат алды.
Семинарда ерекше назар аударылған маңызды мәселелердің қатарына мыналар кірді:
• Ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен үйлестіру;
• Фармацевтикалық кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау және баға қалыптастыру мәселелері;
• Фармацевтикалық өнеркәсіп үшін кадрларды даярлау және сертификаттау.
Бұл семинар тек білім беру алаңы ғана емес, сонымен қатар студенттердің кәсіби дүниетанымын қалыптастырудағы маңызды кезең болды. Студенттер саладағы қазіргі жағдай мен оның даму болашағы туралы көбірек білуге, сондай-ақ сарапшыға өздерінің өзекті сұрақтарын қоюға бірегей мүмкіндік алды.
Қатысушылардың айтуынша, кездесуде дәрілік заттардың айналымын реттеу процесін тереңірек түсіну және теория мен практиканың арасында тікелей байланыс барын көру мүмкіндігі туды. Мұндай шаралар заманауи фармацевтикалық саланың қиындықтарына жауап беруге дайын жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал етеді.
Марина Ивановна Дурманова жастардың кәсіби дамуындағы маңызды рөлін, салаға қатысуын және жаңа тәсілдер мен технологияларды енгізуге дайын болуын ерекше атап өтті.