Фармация мектебінің мақтанышы!
«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының студенттері Enactus Kazakhstan 2025 ұлттық кубогында ТОП-4 қатарында!
29-30 сәуір күндері Астана қаласында өткен Enactus Kazakhstan 2025 ұлттық кубогында Enactus Asfendiyarov командасы университет атынан абыроймен өнер көрсетті. Команда құрамындағы Фармация мектебінің студенттері жоғары белсенділік танытты.
«ALBA – алғашқы медициналық көмекке арналған қарапайым әрі қолжетімді оқыту» жобасы болашақ фармацевтикалық технологтардың тікелей қатысуымен әзірленіп, қазылар алқасынан жоғары баға алды. Early Stage лигасында команда жартылай финалда 1-орын иеленіп, финалда үздік 4 жобаның қатарына енді.
ALBA – алғашқы көмек көрсету саласындағы халықтың сауаттылығын арттыруға бағытталған жасанды интеллект негізіндегі білім беру платформасы.
Жоба Фармация мектебінің деканы Сакипова З.Б. және ІТ-технологиялар бөлімінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Бұл жобаны жүзеге асыруда терең теориялық білімін тәжірибеде сәтті қолданған студенттеріміз:
Бекмұханбет Ақерке Дәуірқызы – 3 курс
Тұрсынғали Жарқын Қайратқызы – 3 курс
Нығметбек Талшын – 2 курс
Серғали Айдана Нұржанқызы – 2 курс
Жантимирова Амина Нагашбаевна – 1 курс
Фармация мектебі студенттерінің үлесі команданың табысына үлкен септігін тигізді. Бұл Фармация мектебі тек денсаулық сақтау саласының мамандарын ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қабілетті бастамашыл көшбасшыларды тәрбиелейтіндігінің тағы да бір дәлелі.