Бүгін қазан айының 1 жұлдызынан бастап, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің фармацевтика факультеті «Фармация институты» болып қайта құрылды.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті фармацевтика факультетінің ұжымын, «Оқытушылар күні» және «Фармация институты» болып қайта құрылуымен шын жүректен құттықтаймыз!.
Факультет деканы фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Убайдулла Махамбетовичке қажымас қайрат, мол бақыт, зор денсаулық, творчестволық табыс тілейміз. Сонымен бірге факультет қабырғасында білім алушыларға аянбай еңбек етуіне тілектестік білдіреміз.
Құрметті Убайдулла Махамбетович! Біздің алғашқы университет қабырғасын басқан қадамымыз құтты болып, ашқан институтыңыз студенттерге толы болсын! Ары қарай фармация институтының тармақтары көбейіп, колледж, факультеттер, кафедралар ашыла берсін!
Алдағы уақытта жас ғалымдар дайындай беруіңізге шын жүректен тілектестік білдіреміз!
Жыл сайын «ҮЗДІК ФАКУЛЬТЕТ» кубогын бірге жеңіп алайық!
Тілек білдірушілер: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті фармацевтика факультетінің «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын 1 курс студенттері, магистрант және PhD-докторанттары.