Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының №5 оқу зертханасының ашылуы

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы өз тарихын 1953 жылдан бастайды. Бүгінгі таңда кафедра фармацевтикалық білім, ғылыми-зерттеу жұмыстары және студенттердің халықаралық конкурстарға қатысуы бойынша заманауи орталық болып табылады.

Кафедра штатында 12 профессор-оқытушы құрамы бар, соның ішінде:

  • 2 фармацевтикалық ғылымдар докторы,
  • 3 химия ғылымдарының кандидаты,
  • 3 техникалық ғылым магистрі, олардың 2-уі «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша PhD докторанттары,
  • 2 маман.

Кафедра құрамына сондай-ақ ғылыми аты танымал жаңа жоғары білікті ғалымдар қосылды, бұл кафедраның ғылыми-зерттеу әлеуетін және оқу-тәрбие қызметін күшейтеді.

Кафедрада дәрілік заттарды әзірлеу және стандартизациялау бойынша ғылыми бағдарламалар жүзеге асырылады. Оларға: бета-лактамдық антибиотиктерді жасау, емдік-профилактикалық тіс пасталары мен отандық дәрілік өсімдік шикізатына негізделген дәрілік формаларды әзірлеу және олардың сапасын бағалау жатады.

Халықаралық ынтымақтастық Ташкент фармацевтикалық институты, Альфраганус Университеті, Фармацевтикалық білім және зерттеу институты, НФАУ, Аристотель Университеті (Салоники, Греция), Сібір мемлекеттік медицина университеті (Томск, РФ), Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Уфа, РФ) және В.Н. Орехович атындағы ғылыми-зерттеу институты (Мәскеу, РФ) сияқты шетелдік ЖОО-мен жүзеге асырылады. Меморандумдар аясында:

  • Ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жүргізу (joint research),
  • Жаңа дәрілік молекулаларды зерттеу және стандартизациялау,
  • Студенттерді бір немесе бірнеше семестрге алмасу,
  • Бірлескен магистратура немесе PhD бағдарламалары,
  • Докторанттар мен оқытушылар үшін ғылыми тағылымдамалар мен практика,
  • Ғылыми семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру,
  • Бірлескен мақалалар мен зерттеу нәтижелері бойынша есептер,
  • Синтездің жаңа әдістері, фармакологиялық зерттеулер in silico жүзеге асырылады.

Студенттер халықаралық және республикалық олимпиадаларда, ғылыми турнирлерде және конференцияларда белсенді қатысады, мысалы, BIOPHARM QUIZ және MedUSE. Биыл республикалық, всероссийлік және халықаралық олимпиадаларда 15 жүлдегерлер анықталды. Бұл шаралар студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруға және фармацевтикалық химия бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

№5 оқу зертханасының ашылуы кафедраның ғылыми-практикалық жұмысын кеңейтіп, студенттерге тәжірибелік дағдыларды терең меңгеруге және ғылыми зерттеу жұмыстарын оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл қадам университеттің заманауи фармацевтикалық білімді дамытуға және инновациялық зерттеулер жүргізуге деген ұмтылысын көрсетеді.