«Тәуелсіздік тұғырым» атты видео челленджге фармацевтикалық технология кафедрасының оқытушылары: ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Жандабаева М.А., ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Кантуреева А.М., лектор Шуленова Г.К., ассистент Абдишарафова Д.А., және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 3–4 курс студенттері белсенді түрде қатысты.
Қатысушылар өз идеялары мен шығармашылық тәсілдері арқылы тәуелсіздіктің қадірі мен маңызын көрсетті. Бұл челлендж жастардың патриоттық сезімін оятып, еліміздің еркіндігі мен бірлігін дәріптеуге арналған ерекше мүмкіндік болды.
Іс-шара барысында оқытушылар мен студенттер бірлесе жұмыс істеп, тәуелсіздіктің әрбір адам үшін маңызды екенін көрнекі түрде жеткізді.




