Кафедрада оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру барлық білім алушылар үшін пән бойынша типтік және оқу бағдарламаларын белгіленген тәртіппен әзірлеуді, жаңартуды және бекітуді, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды басып шығаруды жоспарлау мен дайындауды, дәріс курсының мазмұнын әзірлеу мен жаңартуды, зертханалық-практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқауларды, білімді бақылау нысандарын жетілдіруді, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен жандандыруды, кафедраның профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық шеберлігін арттыруды көздейді.
Кафедраның оқу жұмысы пәндердің оқу бағдарламаларына, кафедраның жұмыс жоспарына, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Кафедрада студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың басқарылатын жүйесі қолданылады. Оқытушы мен студенттің бірлескен жұмысының тиімділігі тек мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне ғана емес, сонымен қатар студенттің сабаққа дайындық деңгейіне де байланысты.
Өзіндік жұмыс үшін барлық студенттер бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша теориялық презентациялардан тұратын әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген.
Оқыту кезінде пән бойынша тиісті оқу-әдістемелік кешенді білімді бақылаудың әр түрлі нысандарымен бірге пайдалану студенттердің сапалы дайындалуына мүмкіндік береді.
Кафедрада заманауи фармацияның актуалды сұрақтарына сәйкес дәрістер дайындалып құрастырылды. 5В074800-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары үшін силлабус, оқу-әдістемелік кешен, жұмыс бағдарламасы және тест сұрақтары мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ағылшын тілінде құрастырылды
Оқу-әдістемелік жұмысының жоспары