Кафедрада оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру барлық білім алушылар үшін пән бойынша типтік және оқу бағдарламаларын белгіленген тәртіппен әзірлеуді, жаңартуды және бекітуді, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды басып шығаруды жоспарлау мен дайындауды, дәріс курсының мазмұнын әзірлеу мен жаңартуды, зертханалық-практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқауларды, білімді бақылау нысандарын жетілдіруді, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен жандандыруды, кафедраның профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық шеберлігін арттыруды көздейді.
Кафедраның оқу жұмысы пәндердің оқу бағдарламаларына, кафедраның жұмыс жоспарына, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
ДИСЦИПЛИНЫ, ПРЕПОДАВАЕМЫЕ НА КАФЕДРЕ:
1.Фармацевтика өндірісіндегі биологиялық қауіпсіздік негіздері
2.Жалпы химиялық технология
3.Биоинженерияға кіріспе
4.Өндірістік биотехнология
5.Биологиялық препараттарды алудың принциптері мен әдістері
6.Вакцина мен анотоксиндер өндірісіні негіздері
7.Гендік және жасушалық инженерия негіздері
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы мемлекеттік білім стандарты мен әрбір мамандық бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Кафедрада барлық қажетті оқу-әдістемелік құжаттары, барлық мамандықтар бойынша силлабустар дайындалып, бекітілген.
Оқу-әдістемелік жұмысының жоспары