ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҚОСАРЛЫ БІЛІМ АЛУ ЖҮЙЕСІ

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҚОСАРЛЫ БІЛІМ АЛУ ЖҮЙЕСІ

Республикадағы кәсіби техникалық және квалификациялы жұмысшы кадрлар мәселесін шешу мақсатында қазіргі кезде қосарлы білім беру жүйесіне үлкен көңіл бөлінуде. Тәжірибелік дайындығының артуының арқасында болашақ мамандар тәжірибелік өндірістік дағдысын білім алу кезінде-ақ игереді. Білім берудің қосарлы жүйесі Еуропа мен Азияныңкөптеген елдерінде қарқынды түрде жүргізілуде. Қазақстан Республикасы да білім берудің қосарлы жүйесінің дамуына барлық жағдай жасауда.

Қосарлы білім алу бойынша оқыту жүйесінің теориялық бөлімі білім беру ұйымында өткізіліп, тәжірибелік бөлімі жұмыс орнында өтеді. Студенттер оқудан ажырамастан тәжірибеден өтеді. Ең бастысы дуалды жүйеде жұмыс берушінің рөлі сапалы түрде артады. Мекеме орнында студенттерге виртуалды симуляционды қондырғылармен жабдықталған жұмыс орны бөлінеді. Арнайы дайындалу бөлмесі бөлінеді. Бұл жағдайда ең басты ерекшелік –шәкіртретінде жұмысқа кірісетін дайын кадрлардың болуы.

Аурухана аралық дәріхана «Жайык AS» ЖШС (бұрынғы №56 дәріхана) Алматы қаласын дәрілік препараттармен толық ассортиментте қамтамасыз етеді, сонын ішінде психотропты, есірткі дәрілік заттар, дәрігер рецептісі бойынша дәрілік қалыптар дайындаумен айналысады, сонымен бірге халыққа медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету аясында медикаменттерді тегін және жеңілдікпен босату бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысады. «Жайык AS» өндірістік дәріханасы GPP стандартына сәйкес сертификаттаудан өтті, дайындалған препараттарын ауруханаларға, Алматы қаласының және облыстың дәріханаларына босатады. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармацевтика факультетінің студенттері дәрілік қалыптар технологиясы пәні бойынша университетте алған теориялық білімін осы дәріханада тәжірибелік дағдыларды игере отырып, толықтырады. Оқу үрдісі тәжірибелік кәсіби дайындықпен паралелді түрде жүреді.Олар ересектерге және балаларға жеке рецепт бойынша экстемпоралды дәрілік заттар дайындайды, оның ішінде стерильді дәрілік заттар да қамтылған. Студенттер сол жерде жүріп, дайын дәрілік заттардың сапасын тексереді, рәсімдейді және босатуға дайындайды. Білім берудің осындай қосарлы жүйесі халық қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін жұмысшы және техникалық кадрларды дайындайтын және қайта дайындайтын көппрофильді және көпфункциялы оқу орындарының дамуына ықпалы зор.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ теңқұқылы негізде өндірістік тәжірибелік бөлім өткізілетін базалармен серіктесіп, үлкен бастаманы қолға алған білім ордасы.Бұл бастама бәсекеге қабілетті, жоғары кәсіби, өз ісінің білгір мамандарын дайындауда үлкен септігін тигізеді, әрі тәлімгерлердің жан-жақтылы дамуына ықпал жасайды.