Фармацевтика факультетінің студенттік үкіметін және студенттік декан сайлауын өткізу

Фармацевтика факультетінің деканының жарлығы бойынша 25.09.2013 жылы сайлау комиссиясының төрағасы және мүшелері бекітілген.

Сайлау комиссиясының төрағасы: 5 курс студенті – Жанедилов А.

Сайлау комиссиясының мүшелері: 5 курс студенті – Усенова Г.

4 курс студенті – Ғазизова А.

4 курс студенті – Тойғалиева А.

3 курс студенті – Тыныбекова Ж.

3 курс студенті – Булутбаева Г.

Екі мамандық бойынша 2-5 курс студенттерінен сайлауға үміткерлерден өтініші қабылданды.

Фармацевтика факультетінің студенттік үкіметінің төрағасына үміткерлер:

4 курс студенті – Ермагамбетов Дана

3 курс студенті – Сакенқызы Айдана

2 курс студенті – Мадеш Ерлан

Студенттік деканға үміткерлер:

2 курс студенті – Мақажанова Саяжан

4 курс студенті – Оспан Танерке

2 курс студенті – Еркебаев Азизбек

 

Сайлауда дауыс беруші студенттер оқу үлгерімдеріне, ғылыми жұмыстарымен айналысуларына және университетпен факультет өміріне белсене араласуына байланысты ірікеліп алынды. Нәтижесінде фармацевтика факультеті бойынша 100 студент дауыс беру құқығына ие болды.

Сайлау С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУнің №2 оқу ғимаратының №150 бөлмесінде сағат 09.00 ден 15.00 ге дейін жалғастырылды.

 

Сайлау участкесі фармацевтика факультетінің деканы У.М.Датхаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Сайлауға түсуші үміткерлер өздерін таныстырып, осы күнге дейін қол жеткізген жұмыстарымен және алдағы көздеген мақсаттарымен бөлісті.

Сайлау барысында ешқандай ережелер бұзылмады. Сайлаушылар айтылған уақыт аралығында келіп өз дауыстарын таңдаған үміткерлеріне берді. Әр сайлаушыға 2 түрлі сайлау бюллетені берілді.

 

Қорытынды:

Соңғы 100-ші сайлаушы келіп өз дауысын бергеннен кейін сайлау комиссиясы және үміткерлердің сенімді өкілдері сайлау жәшіктерін ашты. Әр үміткер бойынша дауыстар санылды. Нәтижесінде, студенттік деканға үміткер 2 курс студенті, Мақажанова Саяжан – 8 дауыс (8 %) жинады, 4 курс студенті, Оспан Танерке – 66 дауыс (66 %) жинады, 2 курс студенті, Еркебаев Азизбек – 26 дауыс (26 %) жинады.

 

Фармацевтика факультетінің студенттік деканының деканына үміткерлер сайлауының статистикалық кестесі.

Үміткерлер

сайлауда дауыс беруші студенттер саны

жарамсыз болып табылған бюллетендер

сайлаушылардың дауысы

1 Мақажанова Саяжан

100

0

8 (8 %)

2 Оспан Танерке

66 (66 %)

3 Еркебаев Азизбек

26 (26 %)

диаграмма 1

 

 

 

 

 

Фармацевтика факультетінің студенттік үкіметінің төрағасына үміткерлер сайлауының статистикалық кестесі.

Үміткерлер

сайлауда дауыс беруші студенттер саны

жарамсыз болып табылған бюллетендер

сайлаушылардың дауысы

1 Ермагамбетов Дана

100

1

22 (22 %)

2 Сакенқызы Айдана

40 (40 %)

3 Мадеш Ерлан

37 (37 %)

диаграмма 2

 

 

 

 

 

 

Студенттік үкіметінің төрағасына үміткер 4 курс студенті, Ермагамбетов Дана – 22 дауыс (22 %) дауыс жинады, 3 курс студенті, Сакенқызы Айдана 40 дауыс (40 %) жинады, 2 курс студенті, Мадеш Ерлан – 37 дауыс (37 %) жинады. Сайлау комиссиясының шешімі бойынша1 дана сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.

Сайлау комиссиясының шешімі: сайлаушылардың басым көпшілігінің даусын жинаған студенттік деканға үміткер Оспан Танерке – 66 дауыспен (66 %) фармацевтика факультетінің студенттік деканының деканы болып сайланды. Сайлаушылардың 40 дауысына (40 %) ие болған Сакенқызы Айдана фармацевтика факультетінің студенттік үкіметінің төрайымы болып сайланды.