«ФАРМАЦИЯ» МЕКТЕБІНІҢ 6B07201-«ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІС ТЕХНОЛОГИЯСЫ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ БІТІРУШІ 4 КУРС СТУДЕНТІ АЖИГУЛОВА АЯЖАН ЕЛУБАЙҚЫЗЫ III ОРЫН ИЕЛЕНДІ

«ФАРМАЦИЯ» МЕКТЕБІНІҢ
6B07201-«ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІС ТЕХНОЛОГИЯСЫ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ БІТІРУШІ 4 КУРС СТУДЕНТІ
АЖИГУЛОВА АЯЖАН ЕЛУБАЙҚЫЗЫ
III ОРЫН ИЕЛЕНДІ

«Фармация» мектебінің 6B07201-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының бітіруші 4 курс студенттері 2023 жылдың 16 наурызында сағат 10.00-де «ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ «Фараби әлемі» атты «Globally Interconnected: New Opportunities and Challenges for Sustainable Development» IV халықаралық ғылыми және оқу әдістемелік студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша Ажигулова Аяжан Елубайқызы «Алоэ линимент (Aloe liniment) құрамы мен технологиясын жасау» тақырыбында ғылыми мақаласын қорғап, III орын иеленді. А.Е.Ажигулова жүргізген зертханалық жұмыстар нәтижесінде Алоэ линимент (Aloe liniment) алынып, құрамы және технологиясы анықталынды.

Жаратылыстану ғылымдары: химия, биология, медицина секциясында өткен конференцияға қатысқан «Фармация» мектебінің студенттеріне Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармокогнозия және ботаника кафедрасының доценті Кожамжарова Асель Сейдахметовна ғылыми жетекшілік етті. Бітіруші 4 курс студенттері: С.К.Арыкбаева, Ф.Қ.Аубакирова, Н.С.Бибатырова, А.Е.Ажигулова, А.М.Турарбеков, А.Қ.Еламанның ғылыми жұмыстарының жинақтарынан барлығы 5 ғылыми мақала және 1 тезис ұсынылды және студенттер ғылыми баяндаларын қорғады. Дипломдық жоба бойынша жүргізіліп жатқан зертханалық жұмыстар ҚазҰМУ-нің Б. Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтында, «Фармация» мектебінің практикалық ғылымдар орталығымен Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармокогнозия және ботаника кафедрасының зертханасында жүргізілді.
Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарынан 35 жасқа дейінгі студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар қатысты. Қатысушылардың баяндамалары секциялық мәжілістерде 16-18 наурызда ғылымның әр түрлі саласындағы ғылыми жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалды. Конференцияның жүргізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті. Жас ғалымдар мен студенттердің конференциясы аясында ҚазҰУ факультеттерінде келесі бөлімдер:
Секция 1: Физика-техникалық ғылымдар және технологиялар: физика, математика, механика, ақпараттық технологиялар.
Секция 2: Жаратылыстану ғылымдары: химия, биология, медицина.
Секция 3: Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: филология және лингвистика, тарих, археология, этнология, заң, экономика ғылымдары, философия, дінтану, туризм бағыттары бойынша секциялар жұмыс істеді.