Шет тілдер кафедрасы 1934 жылы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі – тіл маманы Кенесбаев Смет Кенесбаевич (1934-1936) 1907ж. туылған, ұлты қазақ. Философия ғылымдарының докторы, профессор (1945), ҚазССР ҒА-ның академигі. 1931ж. Ленинградтағы Шығыс институтын тіл маманы-этнограф мамандығы бойынша бітірді. 1933 жылдан 1936 жылға дейін ҚазМИ шет тілдер кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Шет тілдер кафедрасын Г.И. Курмангалиев (1938-1940), Т.И. Погребинская (1940-1950), Е.Г. Шведова (1951-1966), М.Ш. Құрманова (1966-1974), Р.Ф. Исаева (1974-1975), Ш.И. Исабекова (1976-1978), С.К. Абдығаппарова (1987-1995), К.Т. Кешелева (1995-1998) меңгерді. 1998 жылдан университет ұжымы Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша жалпытеориялық курсы бар орыс тілі және латын тілі бар шет тілдер кафедралары біріктірілді. Кафедраны профессор С.Е. Тлегенова меңгерді (1998-2006).
2006 жылы 4 қыркүйек айында университет Ғылыми кеңесінің № 917 бұйрығы бойынша жаңадан шет тілдер кафедрасы құрылды. Кафедраның меңгерушісі болып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сулейменова Оран Яхметовна тағайындалды.
О.Я. Сулейменова 1971 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтының (қазіргі Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ) неміс тілі факультетін бітірген.
О.Я. Сулейменова ҚазҰМУ-де 1974 жылдан, алдымен неміс тілі оқытушысы болып, 1990 жылдан аға оқытушы қызметін, 2006 жылдың қазан айынан доцент қызметінде жұмыс істейді. Педагогикалық өтілі 38 жыл. 1986 жылдан 1991 жылға дейін шет ел студенттеріне арналған дайындық бөлімінде деканның орынбасары, 1991 жылдан 1994 жылға дейін шет ел студенттеріне арналған дайындық бөлімінің деканы болып қызмет істеді.
2004 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақ және неміс халықтарының дәстүрлі мәдениетіндегі сабақтас этнопедагогикалық идеялардың дамуы (тарихи-салыстырмалы аспект)» тақырыбына диссертация қорғады.
Қазақстан Республикасының неміс тілі пәні оқытушыларының Ассоциациясының мүшесі. ҚР неміс тілі пәні оқытушыларының 5-ші, 6-шы, 7-ші, 8-ші съездеріне қатысты (2002ж. 7-9 қарашада, 2003ж. 5-7 қарашада, 2004ж. 8-10 қараша, 2006ж. 10-11 қарашада, 2009 ж.12-14 қарашада).
Біліктілігін жоғарлатуда Гете институтының съезд семинар сабақтарына қатысуы бойынша 5 сертификаты, 52 ғылыми еңбектері бар. Шет тілдерінен Типтік оқу бағдарларын ( Алматы, 1999 ж. Астана, 2003), 3 оқу әдістемелік құралдарын дайындады.
2005-2009 жж. «Шет тілін оқытудағы инновациялық технология», «Ғылыми ізденудің метологиясы» тақырыптары бойынша ҚазХҚжӘТУ біліктілігін жоғарлатты.
Қазіргі уақытта кафедра 19 оқу бөлмелерінен және лингафон бөлмерімен қамтылған. Кафедра штаты 40 қызметкерлерден, оның ішінде 1 доцент, 8 аға оқытушылар, 27 оқытушылар және 4 лаборанттардан тұрады.
Кафедра оқытушылары университеттегі барлық факультеттерінің I, II, III, IV курс студенттерін, магистранттар мен резиденттерді ағылшын, неміс және француз тілдерінде оқытады. Бұл күндері зейнеткер қатарындағы К.И. Боканова, Р.А. Батырбекова, А.А. Проводина, Б.Н. Төленгутова, Б.Н. Тыныбекова, А.Д. Тынышбаева – сынды аға оқытушылардың кәсіби шеберлігін атап өткен жөн.
Кафедрада кәсіби шеберліктерін таныта отырып доцент О.Я. Сулейменова, аға оқытушылар: А.А. Садыкова, С.Х. Сағантаева, Н.У. Абульхаирова, С.У. Жантасова, Г.М. Бикташева, А.К. Еленова, А.Ж. Шойбекова, И.В. Лозенко, Г.А. Унасбаева, оқытушылар З.М. Мезгілбаева, З.Т. Ұлтанбекова, А.А. Баянбаева, Б.М. Қайбалдиева, А.А. Бижанова кафедрада қаланған ұлағатты дәстүрді жалғастырып келеді. Бұлар оқу-әдістемелік жұмыспен айналыса жүріп, конференцияларда, семинарларда сөз сөйлейді, тәжірибелерімен алмасады, тәрбие шараларын көңілдегідей, бастамашылық ықыласпен жүргізеді. Олар Құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 75 жылдығында алғыс хаттармен бірнеще рет марапатталды.
Барлық секциялар жұмысының негізгі бағыты – болашақ мамандықты игеруге студенттерді дайындау. Осыған орай оқытудың жалпы мақсаты кешенді сипат алмақ. Мұның аумағына негізгі коммуникативтік өзегінен басқа білім және тәрбие беру мақсаттары енеді.
Кафедра оқытушылары ауқымы кең әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын, жауапкершілік танытып, орындап келеді.
Жоғарғы медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған шет тілдерінен Нұсқалы бағдарлама (С. Тлегенова, С.Сағантаева, А.Садыкова, О.Я. Сулейменова, В.Галиева, 1999ж.), Жоғарғы медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған шет тілдерінен Нұсқалы бағдарлама (С. Тлегенова, С.Сағантаева, А.Садыкова, О.Я. Сулейменова, В.Галиева, 2003ж.) жарық көрді.
«Жалпы медицина», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Фармация», «Менеджмент» факультеттерінің 1 курс студенттеріне арналған білім берудің кредиттік технологиясын еңгізу мақсатында 2007 ж. кафедра МЖМБС-2006 бойынша ПОӘК жасады. 2008 ж. кафедрада барлық факультеттің 2 курс студенттеріне арналған ПОӘК жасалды.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар, оқытушыларға арналған әдістемелік ұсыныстар, аралық бақылау тесттері, күнтізбелік-тақырыптық жоспардағы тақырыптар бойынша ОСӨЖна арналған тесттік тапсырмалар, қорытынды бақылау тесттері, емтихан билеттері құрастырылды. Сырттай бөлімдегі барлық факультеттің 1, 2 курс студенттеріне, магистранттар мен резиденттерге арналған бағалаулардың белгілері өңделді. Шет тіліне оқыту үрдісінде кафедра оқытушыларының жарыққа шығарған оқу құралдары студенттер кәдесіне жарап-ақ тұр.
Студенттер келесі оқулықтар мен оқу құралдарымен қамтылған:
- Студент-медиктерге арналған неміс тілінің фонетикасын үйрену курсы бойынша әдістемелік құрал (доц. Сулейменова О.Я.) (1993)
- 1 курст Студент-медиктеріне арналған неміс тілі оқу құралы (доц. Сулейменова О.Я., Еленова А.К.) (2005)
- Стоматологтарға арналған ағылшын тілінің оқу құралы (Садыкова А.А., Сагантаева С.Х., Бикташева Г.М.) (2006)
- Студент-фармацевттер мен химик-технологтарға арналған оқу құралы (Садыкова А.А., Сагантаева С.Х., Бикташева Г.М.) (2006)
- Студент-фармацевтерге арналған неміс тілінен өздік жұмысқа арналған оқу құралы (доц. Сулейменова О.Я.) (2008)
Кафедраның аға оқытушылары оқу сабақтарын өткізу сапасын қамтамасыз ету мақсатында шет тілдерін оқыту әдістемесі және тест тапсырмаларын құруда семинар-тренингтер өткізеді, сонымен қатар, ашық сабақтар, СӨЖ өткізуде, оқу журналдарын толтыруда кеңес береді.
Жыл сайын оқытушылар Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ қайта дайындау және Біліктілікті жоғарлату институтында шет тілін оқыту әдістемесі және инновациялық технология бойынша оқып, БЖК өтеді.
Оқытушылар келесі тақырыптар бойынша лекциялар тыңдады: «Шет тілдерін оқытудағы халықаралық стандарт. Жаңа нұсқалық бағдарламалар», «Шет тілдерін оқытудағы инновациялық технологиялар. Мультимедиялық бағдарламалар», «Инновациялы оқу әдістемесі, жобалы технология әдісі», «Глобальды симуляция әдісі рольдік ойын түрі сияқты», «Ғылыми зерттеу методологиясы», «Шет тілдің мәдениеті және шет тілдерін оқыту», «Шет тілдерін оқытудағы қазіргі заманғы интерактивті әдіс».
ҚазҰМУ көлемінде ішкі бақылауына сәйкес кафедраның болашақ жоспары кафедра ішкі бақылау жұмыстары жүргізіледі, оқытушылар ашық сабақтарда тәжірибелерімен алмасады. Барлық оқытушылар ҚазҰМУ базасында информатикадан, психологиядан және қазақ тілінен специализация өтті.
Кафедра қызметкерлерімен үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Кафедрада медициналық жоғарғы оқу орынында шет тілдерін оқыту әдістемесі бойынша 2006-2007 оқу жылында 17 ғылыми мақалалар, 2007-2008 – 12 ғылыми мақалалар, 2008-2009 оқу жылында 14 ғылыми мақалалар, 2009-2010 ж. 18 ғылыми мақалалар баспаға шығарылды. Кафедра оқытушылары 5 ғылыми-тәжірибелік конференция жұмыстарына қатысты: «Қазіргі заманғы қоғамдық-гуманитарлы ғылымдардың актаулды мәселелрі: Іздену және шешу жолдары» атты II Республикалы ғылыми-тәжірибелі конференция, «Жоғарғы оқу орындарындағы (ҚазҰМУ) қоғамдық-гуманитарлық пәндердің кафедраларда білім алу процесін жетілдіру», «Жоғарғы оқу орындарындағы қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудық актуалды мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Жоғарғы білім беру жүйесіндегі инновациялық технология» (Алматы үздіксіз білім беру университеті) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Медицина білімі мемлекеттік тіл аясында» (С.Д. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ, 2009ж. 3 желтоқсан) Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция.
Кафедра ұжымы ҚазҰМУ, КазГАСА бүкілодақтық және республикалық конференция жұмыстарына қатысты. Оқытушылар әр журналдардың беттерінде өз тәжірибелерімен бөліседі. Кафедра оқытушылары 27 әдістемелі құралдар, 23 ғылыми мақалаларды баспаға шығарды.Алматы қаласындағы Гете институты арқылы кафедра жыл сайын студенттерге арналған оқу құралдарын алады.
Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. СҒҮ қатысушылар оқытушылармен бірге өздері оқитын шет тілінде ғылыми мақалаларды, пікірлерді, аннотацияларды, резюмелерді және т.б. аударады. СҒҮ отырысында студенттер баяндама жасайды. Кафедрада «Атақты дәрігер ғалымдар», «Қазіргі заманғы медицинаның актуалды мәселелері», «Экология және Валеология» тақырыптары бойынша студенттік конференция өтті. 2006-2010 оқу жылдары СҒҮ қатысушылар өздері оқитын шет тілінде 42 реферат дайындады.
Кафедра оқытушыларының басшылығымен дайындалған баяндамаларын оқыған 1, 2, 3 курс студенттері жалпыуниверситеттік ғылыми конференцияларда 2, 3 орындарды иеленді. Өткізілген конференциялардың қорытындысы бойынша материал жинақтарында студенттердің 7 ғылыми мақалалары жарық көрді.
Кафедра оқытушылары пікірталас ұйымдастыру, кездесулер, факультативті сабақтар, брифингтер, кураторлық сағаттар және т.б. үлкен тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Тәрбие жұмыстары келесі бағытта жүргізіледі:
- Патриоттық және интернационалдық
- Рухани-өнегелі
- Хұқықтық тәрбие
- Салауатты өмір салтын насихаттау.
Кафедрада мемлекеттік тілге ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатпен «Менің елім-Менің жерім», «Ана тілің-арың бұл», «My motherland is Kazakhstan» тақырыптары бойынша кездесулер, факультативті сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізілді. Ең алғаш рет үш тілде «Тілдарын -2009» атты жалпыуниверситеттік олимпиада өтті. Олимпиадаға КазҰМУ проректоры Г.М. Есенжанова, тіл саясаты бөлісінің бастығы И.А. Құлмағанбетов, тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы М.Г. Мұстафина қатысты. Олар олимпиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және студенттердің белсенді түрде қатысқандары жайында айтты. Кафедра меңгерушісі, доцент О.Я. Сулейменова және кафедра оқу ісінің меңгерушісі, аға оқытушы А.А. Садыкова олимпиаданы өткізуде белсенді жұмыс жасағандары үшін Құрметті мақтау гармоталарымен марапатталды.
Кафедрада атақты дәрігер ғалымдар, қызықты адамдармен, әртүрлі білім бағдарламаларының өкілдерімен кездесулер дәстүрге айналды, ерекше студенттердің есінде қалған Англиядан «Сорос Қазақстан» фондының өкілімен, Гете атындағы Институттың басшылығымен, Кениядан келген профессордың СПИДке қарсы күресу мәселелері жайында өткізген тренингі, шет елде оқу мәселелері бойынша Америка елшілігінің өкілімен, орталық халықаралық «Болашақ» бағдарламасының менеджерімен, Германиядағы DAAD білім алу бағдарламасының өкілімен, Президенттік бағдарлама бойынша оқитын Канададан, Америкадан, Жапониядан келген степендиаттармен кездесулер. Қонақтар ағылшын, неміс, француз және жапон тілдерінде сөз сөйледі.
Елтану аспектісі аудиториядан тыс жұмыс барлық түрлерінің міндетті компоненті болып табылады.
«Ұлыбританияна білесіз бе?», «Оқылатын елідің тілінің дәстүрлері мен әдет ғұрыптары», «Германия жайында білесіз бе?», «Deutsch im Herzen» конкурстары оқу сабақтарын органикалы түрде жалғастыру жоспарланады және шет тілдер сабағынан алған іскерліктер мен дағдылар практикада орындалады.
Оксфорд, Кэмбридж, Сорбонна сияқты атақты европалық университеттердің тарихы жайында «Европаның атақты университеттері», «Welcome to Great Britain» атты ашық факультативті сабақтарда айтылған.
Кафедрада «Ойшыл, поэт-ақын-драматург – Ф.Шиллер мен Гете», «Әлемдік аңыздар», «О.Уайлд шығармаларындағы символизм», «Дж.Н.Г. Байрон шығармаларында романтизм» атты ағылшын және неміс тілдеріндегі әдеби кештерді өткізу дәстүрге айналды.
Шет тілдерінде тренинг, пікірталас, дебат түрінде өткізілген «New generation of medical students», «New educational programmes», «The Leader of the 21st century», «Learning official and international languages» атты іс шаралар студенттерің қызығушылығын тудырады. Кафедрада жыл сайын шет тілдерінде өтетеін ән байқауына студенттер мен оқытушылар жыл бойы үнемі дайындық үстінде болады. Әндер ағылшын, неміс, француз, жапон, түрік және т.б. тілдерде айтылады.
Жыл сайын кафедра оқытушылары фармацевтика факультетінің 1, 2 курс студенттеріне кураторлық қызмет атқарады. Әр кураторда өздерінің жеке жұмыс жоспарлары бар, өз топтарымен сабақ үлгерімдері мен қатысулары жайында, жатақханада тұрудың нормалары мен ережелері жайында әңгіме жүргізеді, сонымен қатар жатақханада кезекшілік қызметтерін атқарады.
Студенттермен ҚазҰМУ тарихи музейіне, Республикалық музейге, театрлар мен кинотеатрларға барады, сенбіліктерге қатысады және қоғамдық пайдалы жұмыстармен айналысады.
Үлкен танымдық мағыналы тәрбиелік мәні бар іс шаралар мемлекеттік және шет тілінде өткізіледі, студенттердің ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін кеңейтеді және шет тілдерін үйрену мотивациясын жоғарлатады.