28.03.2013ж. шет тілдер кафедрасының оқытушылары және жалпы медицина, стоматология факультеттерінің студенттері фармацевтика факультеті ұйымдастырған студенттердің ғылыми конференциясының 2 айналымына қатысты.
Конференцияға 10 студент қатысты, тілдік пәндер секциясынан 5 студент ағылшын және неміс тілдерінде баяндамалар оқыса, ЖМ және стоматология факультеттерінен 6 студент қабырғалық баяндамалар дайындады.
№ 12-024ЖМ к/б топ студенті Әділ Алибек «Sag, Nein, zu Drogen! Sag, Ja, zum Leben!» тақырыбындағы баяндамасымен секция бойынша 2 орынды иеленді, ғылыми жетекшісі: каф. меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я.
«Influence of environment on fetus development» тақырыбындағы баяндамасын жасаған №12-041ЖМ о/б топ студенті Арызбекова Алия секция бойынша 3 орынды иеленді, ғылыми жетекшісі: аға оқыт. Бикташева Г.М.
Бұл конференцияның студенттер үшін теориялық және тәжірибиелік маңызы зор, себебі студенттер шет тілінде ғылыми жұмыстармен танысу, іздену және жазу жолдарын үйренеді. Болашақта кафедра ғылыми баяндамалар тақырыбын кеңейтуді және СҒЗЖ-на қатысушы студенттер санын көбейтуді жоспарлайды.