Бұл отырыста Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент З.А.Абдуллина Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында тіл саясатына, қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесіне баса назар аударатындығын және Қазақстан халқы бүкіл әлемде үштілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс екендігіне баса назар аударды.
Этикалық кеңестің төрайымы, м.ғ.д., профессор Ж.Ғ.Мұстафина оқытушы беделін көтере отырып, заманауи талаптарға сай жоғары оқу орындарында білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру керектігіне тоқталды. Н.Ә.Назарбаевтың жолдауына байланысты кафедра оқытушыларына сұрақтар қойып, олардың пікірлерін тыңдап, өз ойын ортаға салды. Бүгінгі жастар – біздің болашағымыз дей келе, студенттермен жақсы қарым-қатынаста болуды, оларға мәдениетімізді ұғындыра отырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу қажеттігін де атап айтты.
Медициналық құқық модулінің доценті, м.ғ.к. Г.Б.Испаева Мемлекет саясатындағы басты міндеттердің бірі – жемқорлықпен күресудің алғышарттарын жасау керек екендігіне кеңінен тоқталып, жемқорлыққа байланысты орын алған іс-әрекеттерге көптеген мысалдар келтірді.
Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының доценті Б.Ж.Доскеева терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейде көтеру мен латын әліпбиіне көшу мәселесін реттеу туралы сөз қозғады.
Кафедра доценті Р.Н.Дәрменқұлова жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасаудағы академиялық еркіндікті дамыту қажеттілігіне тоқталды. Ол сонымен қатар жолдауда білім саласының барлық сатылары бойынша нақты міндеттер айқын көрсетілген, сол міндеттерді орындауға ат салысуымыз қажет деп сөзін қорытындылады.
Кафедра меңгерушісі, доцент З.А.Абдуллина Елбасымыздың жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға кафедра мүшелері аянбай тер төгетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол осы отырысты ұйымдастыруға көмектесіп, толыққанды мағлұматтар бергендері үшін Жанар Ғабиденқызы мен Гүлнәр Бақытқызына алғысын білдірді.