«Қазақстанның инновациялық дамуы шеңберінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ғылыми-зерттеу мәртебесін қолдау» атты көрме

«Қазақстанның инновациялық дамуы шеңберінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ғылыми-зерттеу мәртебесін қолдау» атты көрме

2023 жылғы 14 ақпанда Ғылым департаменті басқарма төрағасы-ректор М. Е. Шорановтың тапсырмасы бойынша “Қазақстанның инновациялық дамуы шеңберінде С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми-зерттеу мәртебесін қолдау” тақырыбында ҚазҰМУ ғалымдарының ғылыми-инновациялық әзірлемелерінің көрмесін өткізілді. Көрмеге “НАРИ QazInnovations” АҚ Басқарма төрағасы С. Ж. Аханов арнайы шақырылды.
Университет ғалымдарының ғылыми-инновациялық қызметінің жетістіктерін өндіріске және заманауи практикалық медицинаға одан әрі енгізуге жәрдемдесу мақсатында өткізілген көрмеге «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасы да белсене қатысты. Кафедрамыз атынан коммерцияландыруға бағытталған 3 инновациялық өнім, 6 пайдалы модельге және өнертабысқа берілген патент және 5 авторлық куәлік ұсынылды.