5 сәуір 2018 жылы доцент К.К.Шекеееваның оқытудың инновациялық технологияларымен «Адсорбция. Фазалар жанасу бетіндегі БАЗ-ң адсорбциясын зерттеуден» мастер – класс (шеберлік сыныбы) өтілді.
Бағдарламмада: қызықты тәжірибелер, ситуациялық және графикалық есептеулер, логикалық сұрақтар, интеллектуальды ойындар, деректі фильм, материалдар, қатысушыларды сертификатпен марапаттау
Ұйымдастырушы: Химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева Кенже Калмахановна
Өткізілген орын: 5 сәуір, 301 аудитория, 800-1100
Қатысушылар: 2-курс, «Фармация» мамандары
«Адсорбция. Фазалар жанасу бетіндегі БАЗ-ң адсорбциясын зерттеуден» мастер –класта (шеберлік сыныбында) доцент К.К.Шекеева оқытудың инновациялық технологияларын, соның ішінде; ойынмен оқыту (іскерлік ойын, интеллектуальды ойын, ситуациялық есептер), топтық оқыту, жеке бағытта оқыту, миға шабуыл, мәселелік оқыту, топпен, ұжыммен оқыту және т.б.технологияларды кеңінен пайдаланды. Шеберлік сыныбы методикалық тұрғыдан өте жоғары деңгейде, студенттерге қарапайым тәжірибелер мен ойындар арқылы жеткізілді. Физикалық және коллоидты химия фармация мамандарымен ұштастырылып түсіндірілді. Доцент К.К.Шекееваның оқытудың инновациялық технологияларымен өтілген шеберлік сыныбынан студенттердің физикалық және коллоидты химия пәніне, ғылымға деген қызығушылығы мен үлгерімі артты.