(RU) ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ ҰЛЫҚТАЛУЫ ТИІС

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ ҰЛЫҚТАЛУЫ ТИІС

Ас – адамның арқауы, дейді бабаларымыз. Ата-бабаларымыз “Арпа, бидай ас екен, алтын-күміс тас екен” деп, асты өте жоғары бағалаудың жолын ғана емес, оны дәмді етіп әзірлеудің жөн-жосығын да жақсы білген. Өзге ел қазақта дастар­қаны кең, жа­ны жомарт халық ретінде тани­ты­нына бұл сөзіміздің бір дәлелі. Иә, атам қазақ кімді болса да пиғы­­лына қарамай, “астан үлкен емессің” деп дастар­қанға шақыр­ған. Жалпы, ұлты­мыздың мәде­ниетінде дастар­қан – дипломатия­лық, экономика­лық пен сондай-ақ тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған. Аңызға лайық дастарқаны­мыз­ды қазіргі таңда ұлттық тағам­дармен жайнатып жүрміз бе дегенге келсек, бүгінде тағам мәзірімізде өзге ұлт өкілдері­нің тағамдары басымырақ екендігі ащы болса да шындық. Осы орайда, қазақтың брендіне лайық қазы-қарта, бауыр­сақ, қымыз, шұ­бат және басқа да сүт өнімдерін бүгінгі күннің тала­бына сай етіп жан­дандыру, оны да­мы­тып, елге таны­мал етумен айна­лысу мақ­сатын­да 2020 жылдың қазан айнының 2-жұлдызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Университетімізде Жастар ісі саясаты басқармасы және Фармация мектебінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы Жоғарғы оқу орындары арасында онлайн челлендж ұйымдастырылды. Онлайн челлендж С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетіне жолданды.

Болашақта үйімізде ғана емес, ұлттық тағамымызды шетелге шипа­сы­мен, дәмді­лігімен, пайда­лы­­лығы­мен таңқалдырғанға не жетсін, шіркін!