Сәуір айының 7 жұлдызында Фармация мектебінде әз-Наурыз мерекесі аталып өтті. Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасы да аталмыш іс-шараға белсенді түрде қатысты. Іс-шара барысында концерттік бағдарлама мен ойындар ұйымдастырылды. Киіз үй тігіліп, дастархан жайылды. Фармация мектебінің 1-5 курс студенттері де дастархан жайып, қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды.