07.02.2023 ж. 10.00-11.00 аралығында Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының лекторы Алламбергенова З.Б. “Дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы” өндірістік практика шеңберінде “Фармацевтикалық өндіріс технологиясы” мамандығының 4 курс студенттеріне мастер-класс өткізді. Тақырып: «Клиникаға дейінгі зерттеулер. Тиісті зертханалық практика (GLP)». Мастер-класта Алламбергенова З.Б. студенттерге GLP Стандарты дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құрамындағы сыналатын заттардың қауіпсіздігі бойынша клиникалық емес зерттеулерде қолданылатынын және адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпсіздікті клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер зертханада және виварий жағдайында жүргізілетін жұмысты қамтитыны жайлы түсіндірді.