Атырау облысы Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткен 2022 жылдың 18 – 19 мамыр аралығында мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беруге бағытталған «Мамандық мақсатқа жетелейді» атты ашық есік күніне Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының доценті, фарм.ғ.к. Каюпова Фарида Елеусизовна қатысты. Фарида Елеусизовна ашық есікке қатысу барысында оқушыларға әлемнің көптеген елдерінде кез-келген дәріхана қызметкері ұзақ уақыт фармацевт деп аталатынын, алайда, бүгінде бұл мамандық бірнеше мамандандырылған: фармацевт-технологтар (дәрі-дәрмек шығарумен айналысады), фармацевт-аналитиктер (дәрі-дәрмектердің сапасын бақылайды) және басқалар. Сонымен қатар, бұл қызметкерлердің міндеттеріне дәріханалардың жұмысын тексеру, дәрі-дәрмектердің таратылуын бақылау кіруі мүмкін. Бүгінгі күні фармацевтикалық өнімдерді көтерме сатуды ұйымдастыратын және үйлестіретін қызметкерлерді фармацевтер деп те атайды. Жалпы алғанда, есептелетін позициялардың ауқымы едәуір кең: фармацевтикалық нарықтың маркетологы, дәріхананың немесе медициналық қойманың фармацевті, сертификаттау және лицензиялау маманы, медициналық өкіл, фармацевтика сату менеджері және басқаларымен айналысатындықтары туралы мәлімет айтып өтті. Сонымен қатар Фармация мектебінде «Менеджмент» білім бағдарламасы жұмыс жасайтындығы туралы хабардар етті Ақпарат алған оқушылар да бұл мамандыққа өте зор қызығушылы танытты.