23.10.2014 С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіңің Фармацевтика факультетінің 1, 2 курс студенттерінің қатысуымен халықаралық сүт безінің қатерлі ісігіне қарсы күрес айлығына арналған флэш-моб өтті. Жүзге жуық болашақ дәрігерлер өздерінің өнерлерімен метрополитен жолаушыларының назарын аударды.
Жалынды биден кейін жас мамандар метро станцияларындағы жолаушыларға қатерлі дертке қатысты тегін кеңес алуға шақырды. Тура жер астындағы Жібек жолы бекетінде жоғары дәрежелі маммолог-дәрігерлер тексеріс жүргізіп, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара мақсаты – көпшіліктің назарын онкологиялық аурулардың дер кезінде анықталуы мен алдын алу мәселесіне аудару.