6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада 15-16 мамыр 2025 жыл

«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада 15-16 мамыр 2025 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында офлайн форматта өткізілді.

Олимпиадаға елімізде медициналық бағытта білім беретін алты жоғары оқу орнынан 11 команда, 33 студент қатысты. Сайыс екі турдан тұрды. Командалар алдымен тест тапсырды. Содан кейін өздерінің жобаларын қорғады.

«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижесінде С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің студенті Есмырза Айхан І орынды, Маликова Мирай ІІ орынды жеңіп алды.

Ғылыми жобаны қорғау бойынша С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің студенттерінен құралған «PharmFuture» және Қарағанды медицина университетінің студенттерінен құралған «Brainwave», академик Е. А. Букетов атындағы Қарағанды университеті студенттерінен құралған «Хаким» командалары ІІІ орыннан көрінді.

Ал, С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің студенттерінен құралған «Pharmatrix» және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Фарматех» командалары ІІ орын алды.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы студенттерінен құралған «Sanvita» командасы І орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар Үздік ғылыми тәсіл номинациясымен «Cordyceps Team» командасы марапатталды.

Қазылар алқасының құрамына PhD, асс.профессор Қойлыбаева Молдир Құдайбергенқызы, химия ғылымдарының кандидаты Литвиненко Юлия Алексеевна, техника ғылымдарының кандидаты Бекжігітова Күләш Асқарбекқызы, фармация ғылымдарының кандидаты Медешова Айгүл Тұрдыханқызы, химия ғылымдарының кандидаты Кенжетайева Сәуле Орынбайқызы, фармация ғылымдарының кандидаты Оспанова Гүлнара Садыққызы, сонымен қатар, “Зерде-Фито” ЖШС өндірістік бөлімінің басшысы Жұматаев Максат Жұматаұлы, “Зерде-Фито” ЖШС дәрілік заттарды тіркеу және сапаны бақылау бөлімінің жетекші маманы Абай Айнұр, “Фито-Апифарм” ЖШС сату жөніндегі директоры Макарова Екатерина Васильевна енді.