В. И. Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университеті ұйымдастырған ” BIOPHARM QUIZ” фармацевтикалық химия және биотехнологияның өзекті мәселелеріне арналған I студенттік халықаралық турнир. Басымдық 2030, көшбасшылар қалыптасады.

“С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ” КЕАҚ 6В10104 “Фармация” ББ бойынша 4 курс студенті Абдурахимова Фериде фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ассистенті Назым Сайлауханқызы Пушкарскаяның жетекшілігімен В. И. Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университеті ұйымдастырған “BIOPHARM QUIZ” фармацевтикалық химия және биотехнологияның өзекті мәселелеріне арналған I студенттік халықаралық турнирге қатысты. Конференция 2026 жылдың 27-28 қаңтарында Ресейдің Саратов қаласында өтті.

Конференция қорытындысы бойынша Абдурахимова Фериде “BIOPHARM QUIZ” турниріне қатысып, 1 орын алды. “Biopharm QUIZ” фармацевтикалық химия мен биотехнологияның өзекті мәселелеріне арналған I студенттік халықаралық турнирдің ұйымдастыру комитеті қатысушы-білім алушыларды даярлауға қосқан үлесі үшін Н.С. Пушкарскаяға алғысын білдірді. Қатысу және қол жеткізілген нәтиже студенттердің жоғары дайындық деңгейін және олардың ғылыми әлеуетін көрсетеді.