«Фармацияны басқару және экономикасы» пәні бойынша «Фармация» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған II Халықаралық онлайн олимпиада

2024 жылдың 25 сәуірінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебінің фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасы студенттердің «Фармация» мамандығы бойынша білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын игеруге ынталандыру мақсатында ZOOM платформасында «Фармацияны басқару және экономикасы» пәні бойынша II Халықаралық онлайн – олимпиада өткізді.

Олимпиадаға Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарынан 13 команда қатысты. Атап айтқанда, Санкт-Петербург Химия-фармацевтикалық университетінің (Ресей) «ФармаStrat» және «Аптечные ковбои» командалары, Коста Леванович Хетагуров атындағы Солтүстік Осетин мемлекеттік университетінің (Ресей) «Аланские целители» және «Эдельвейс» командалары, Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің (Ресей) «Фармумницы» командасы, Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің (Өзбекстан) «Pharm Defenders» командасы, Семей медициналық университетінің (Қазақстан) «Триумф» және «Серотонин», Қазақстан-Ресей медициналық университетінің (Қазақстан) «Медиаторы счастья» және «Таблеточные Титаны» командалары, Қарағанды медицина университетінің (Қазақстан) «Сияние разума» командасы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының (Қазақстан) «Профи-Фарм» командасы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (Қазақстан) «Ortus Pharma» командасы.

Олимпиада 3 турдан тұрды: «Google» платформасында тест тапсырмалары (20 сұрақтан 2 нұсқа); «Zoom» платформасында ситуациялық есептерді шешу; «Денсаулық сақтау жүйесіндегі фармацевт рөлі» тақырыбында бейне-ролик көрсету (ұзақтығы 5 минуттан аспайтын үй тапсырмасы).

Білім алушылар «Фармацияны басқару және экономикасы» пәні бойынша тамаша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Балдық жүйе бойынша нәтижелерді халықаралық Комиссия объективті бағалады. Халықаралық комиссияның шешіміне сәйкес командалар жүлделі орындарға ие болды:

1 орын:

«Аптечные ковбои» – 92, Санкт-Петербург, Ресей

«ФармаStrat» – 91, Санкт-Петербург, Ресей

«Фармумницы» – 90, Уфа, Ресей

2 орын:

«Ortus Pharma» – 85, Алматы, Қазақстан

«Профи-Фарм» – 85, Шымкент, Қазақстан

«Сияние разума» – 84, Караганда, Қазақстан

«Pharm Defenders» – 82, Самарқанд, Өзбекстан

3 орын:

«Триумф» – 76, Семей, Қазақстан

«Эдельвейс» – 75, Владикавказ, Ресей

«Медиаторы счастья» – 75, Алматы, Қазақстан

«Таблеточные Титаны» – 74, Алматы, Қазақстан

«Серотонин», – 73, Семей, Қазақстан

«Аланские целители» – 65, Владикавказ, Ресей

 

ҚазҰМУ Фармация мектебінің «Ortus Pharma» командасы жүлделі 2-ші орынға ие болды. Фармация мектебінің «Ortus Pharma» командасының жетекшілері -. ФҰБЭжКФ кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымд. профессор – К.С. Жакипбеков; ФҰБЭжКФ кафедрасының кафедра доценті, PhD – Э.А. Серикбаева, ФҰБЭжКФ кафедрасының лекторы – М.З. Аширов және кафедра ассистенті Ж.Д. Сейтова.

Фармация мектебінің деканы фарм.ғ.д., профессор

Сакипова Зуриядда Бектемировна

II Халықаралық онлайн олимпиаданың салтанатты ашылуы