Өткізу күні: 20 мамыр 2025 жыл
Уақыты: 10:00–18:00 (Астана уақыты бойынша)
Форматы: Онлайн (ZOOM платформасында)
Ұйымдастырушы: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Фармация мектебі, «Фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасы
Олимпиада туралы
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасы сіздерді «Фармация» мамандығы бойынша білім алушыларға арналған III Халықаралық онлайн-олимпиадаға қатысуға шақырады. Олимпиада «Фармацияны басқару және экономика» пәні аясында өткізіледі.
Олимпиаданың мақсаттары:
- білім сапасын арттыру және студенттердің ғылыми әлеуетін дамыту;
- фармация мамандығы бойынша білім, білік және дағдыларды терең меңгеруге студенттерді ынталандыру және уәждеу;
- ЖОО арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту;
- ортақ ғылыми жобалар мен стартаптарды талқылау және бастау;
- фармацевтикалық кәсіпорындар мен жоғары оқу орындары арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту.
Олимпиада форматы
Олимпиада 3 турдан тұрады:
- Бейне-сәлемдесу:
Тақырыбы – «Фармацевттің денсаулық сақтау жүйесін трансформациялаудағы рөлі: дәстүрлі дәріханадан клиникалық практикаға дейін»
Уақыты – 5 минутқа дейін
Форматы – бейнеролик
- Тест тапсырмалары:
20 сұрақтан тұратын онлайн тест
- Ситуациялық есептерді шешу:
Әр командаға 2 есеп
Олимпиада тілі: орыс тілі
Қатысушылар: ЖОО-лардан 4 және 5 курс студенттерінен құралған, әрқайсысы 5 адамға дейін 2 командаға рұқсат етіледі.
Қазылар алқасы
Әрбір жоғары оқу орнынан бір PhD, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы олимпиаданың қазылар алқасына ұсынылады (барлығы 1 өкілден артық емес).
Марапаттау
- Жүлделі I, II және III орын иегерлері Дипломдармен марапатталады.
- Барлық қатысушыларға Қатысушы сертификаттары табысталады.
- Барлық дипломдар мен сертификаттар электронды пошта арқылы жіберіледі.
Тіркеу тәртібі
Командаларды тіркеу және қазылар алқасын ұсыну үшін төмендегі сілтеме арқылы онлайн өтінім толтыру қажет:
👉 https://drive.google.com/drive/u/0/folders/1iyAaO7tud72xJ2aYIDbVlWhr2m7EpkFu
Сондай-ақ, өтінімдер төмендегі электрондық поштаға жіберілуі мүмкін:
🕙 Қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 10 мамырға дейін
Байланыс мәліметтері (Ұйымдастыру комитеті)
📍 Мекенжай:
050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94,
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
👥 Байланыс тұлғалары:
- Жакипбеков Қайрат Сапарханович
PhD, қауымдастырылған профессор, кафедра меңгерушісі
📞 +7 747 922 49 50
- Серикбаева Эльмира Асилбековна
PhD, қауымдастырылған профессор
📞 +7 775 626 29 86
- Аширов Мурат Зулпидинович
PhD, ассистент профессор
📞 +7 775 441 51 61
- Сейтова Жанерке Даулетқызы
Лектор
📞 +7 701 470 00 48