Фармацевтикалық саланы тұрақты дамыту, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2025 жылдың 20 мамырында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында «Фармация» білім беру бағдарламасының студенттері арасында «Фармацияны басқару және экономикасы» пәні бойынша III Халықаралық онлайн-олимпиада өтті.
Олимпиадаға Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің жетекші медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарынан 11 команда қатысты. Аталған іс-шара болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, басқарушылық ойлауды дамытуға және білім беру кеңістігіндегі халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды алаңға айналды.
Олимпиада бағдарламасы келесі кезеңдерді қамтыды:
Топтардың сәлемдесуі – «Дәстүрлі дәріханадан клиникалық практикаға дейінгі денсаулық сақтау жүйесінің трансформациясындағы фармацевтің рөлі» тақырыбындағы шығармашылық бейнепрезентация (ұзақтығы – 5 минутқа дейін), онда қатысушылар фармацевтің қазіргі заманғы рөлі мен денсаулық сақтау жүйесіне қосатын үлесін көрсетті.
Тестілеу – әрқайсысында 20 сұрақтан тұратын екі нұсқалы тест тапсырмалары. Бұл кезең фармацияны басқару мен экономикасы саласындағы теориялық білімді тексеруге бағытталды.
Жағдайлық тапсырмаларды шешу – Zoom платформасында өткен интерактивті кезең, онда қатысушылар нақты уақыт режимінде кәсіби кейстерді талдап, тиімді басқарушылық шешімдер ұсынды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Гран-при – «Pharm Defenders» командасы, Самарқан мемлекеттік медицина университеті (Самарқан, Өзбекстан);
І орын – «Alfraganus Farm» командасы, Alfraganus университеті (Ташкент, Өзбекстан) және «Бесінші элемент» командасы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Алматы, Қазақстан)
ІІ орын – «VipPharm» – Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Уфа, Башқұртстан);
«Дәріхана 2.0» – Ташкент фармацевтикалық институты (Ташкент, Өзбекстан);
«Уақыт машинасы» – Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университеті (Санкт-Петербург, Ресей);
«PharmUnity» – Қарағанды медицина университеті (Қарағанды, Қазақстан)
ІІІ орын – «Фармация акулалары» – Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университеті (Санкт-Петербург, Ресей);
«Авиценна мұрагерлері» – Самарқан мемлекеттік медицина университеті (Самарқан, Өзбекстан);
«Алан емшілері» – К.Л. Хетагуров атындағы Солтүстік Осетия мемлекеттік университеті (Солтүстік Осетия, Алания);
«Эдельвейс» – К.Л. Хетагуров атындағы Солтүстік Осетия мемлекеттік университеті (Солтүстік Осетия, Алания)
Олимпиаданың қазылар алқасының құрамы:
Қазылар алқасының төрайымы:
Тлеубаева Меруерт Ильясовна – PhD, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан
Жауапты хатшы:
Сейтова Жанерке Дәулетқызы – медицина ғылымдарының магистрі, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан
Қазылар алқасының мүшелері:
Морозов Вячеслав Алексеевич – фармацевтикалық ғылымдар кандидаты, доцент, К.Л. Хетагуров атындағы Солтүстік Осетия мемлекеттік университетінің медицина факультетінің фармация кафедрасының меңгерушісі, Владикавказ қ., Солтүстік Осетия – Алания
Катаев Валерий Алексеевич – фармацевтикалық ғылымдар докторы, профессор, Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің фармация кафедрасы, РФ Денсаулық сақтау министрлігі, Уфа қ., Башқұртстан
Гайнов Владимир Сергеевич – фармацевтикалық ғылымдар кандидаты, Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университетінің фармацияны басқару және экономикасы кафедрасының доценті, РФ Денсаулық сақтау министрлігі, Санкт-Петербург қ., Ресей
Алиходжаева Мадина Ильясовна – ғылым докторы, Alfraganus университетінің фармацевтика және химия кафедрасының профессоры, Ташкент қ., Өзбекстан
Дастамов Садулло Файзуллаевич – Самарқан мемлекеттік медицина университетіне қарасты фармацевтикалық зауытының директоры, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы, Самарқан қ., Өзбекстан
Абдрахманова Гульмира Марсовна – PhD, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор, Қарағанды медицина университетінің Фармация мектебі, Қарағанды қ., Қазақстан
Рахымбаев Нұрғали Аманбайұлы – PhD, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін, сондай-ақ командаларды жоғары деңгейде дайындаған ғылыми жетекшілерге алғысымызды білдіреміз!
III халықаралық онлайн олимпиаданың салтанатты ашылуы