Фармацевтикалық технология кафедрасының ассистенті Сарқытбекова А.Қ. 2023 жылдың 21 қыркүйек күні 2 курс ФӨТ- 22-035 және 22-036 топтарға «Академиялық адалдық» тақырыбы бойынша кураторлық сабақ өткізді.
Академиялық адалдық елдің дамуы үшін бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлау жөніндегі университет миссиясын табысты іске асыру үшін өте маңызды.
Кураторлық сабақтың мақсаты:
– Университет қауымдастығында академиялық адалдық мәдениетін нығайту
– Оқытушылар, қызметкерлер және білім алушылар тарапынан академиялық адалдық нормаларының кез келген бұзушылығына нөлдік төзімділікті қалыптастыру.
– Университет қауымдастығының әрбір мүшесі академиялық адалдық ережелерін мүлтіксіз сақтауға міндеттілігі және сол арқылы академиялық адалдықты бұзушылықты болдырмаудың алдын алу.