Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет!

2023 жылдың 4 – мамыр күні С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіміздің Батырлар аллеясы мен ибн-Сина алаңында 7 – мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 – мамыр – Ұлы жеңіс күніне арналған «Жауынгер – ел қорғаны» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шараға Ұлы отан соғысы, Ауған соғысының ардагерлері және де университетімізде еңбек еткен ардагерлеріміз қатысты.

Солардың бірі Фармацияның ұйымдастырылуы және экономикасы кафедрасының доценті болған, ардагер ұстазымыз Радюк Марина Ивановна да қатысты. Марина Ивановна 1980-1989 жж. кафедра ассистенті, 1989-1994 жж. Алматы дәрігерлерді жетілдіру институтының фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, 1995-2002 жж. Кафедра аға оқытушысы, 2002 жылдан бастап кафедрасының доценті болып қызмет атқарған. Мария Ивановнаның ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі жалпы 40 жыл. 70-ке жуық ғылыми мақалалары жарық көрді, оның ішінде оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар: «Дәріхана ұйымының қаржылық жағдайын және іскерлік белсенділігін талдау»; «Әртүрлі меншік нысанындағы дәріхана ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру»; «Дәріхана ұйымдарының шаруашылық және қаржылық қызметін талдау және жоспарлау».

Ардагер ұстазымыз Марина Ивановнаға құрмет көрсетіліп, университетіміздің атынан сыйлықтар мен гүл шоқтары берілді.