Болашаққа бағдар – «Рухани жаңғыру»

09.12.2022 жылы 11:00 де ФӨТ 22-036 тобымен Болашаққа бағдар – «Рухани жаңғыру» тақырыбында шара өткізілді.

Тақырыпты ашу мақсатында мемлекет басшысының мақаласы бойынша студенттерге бағыт бағдар көрсетілді. Қоғамдның санасын жаңғыртудың бірнеше бағыттар: бәсекелестік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволяюциялық дамуы, сананың ашықтығы қарастырылды. Топтарға өзінің ұлттық және жеке байлықты нақты білу, болашақты жоспарлау алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу бойынша таныстырылымдар өткізілді. Студенттер арасында мақала бойынша талқылаулар болып, ойларын ашық жеткізе білді. Болашаққа бағдар – «Рухани жаңғыру» тақырыбы толық қамтылып, топ арасында рухани құндылықтар бойынша түсінің қалыптасты.