09.10.2024 ж. Ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасында С. Ж. Асфендияровтың 135 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.
Кафедраның жауапты ПОҚ: Саякова Г.М., Жумашова Г.Т., Ан В.С., Ахатаева У.А., Хамитова А.Е.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, педагог, профессор, С.Ж. Асфендияровтың шығармашылық жолымен танысу, жастарды патриоттық рухта және әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында кафедра меңгерушісі, профессор Саякова Г.М. және қауым. профессор Жумашова Г.Т. С. Ж. Асфендияровтың отандық ғылымға қосқан үлесі туралы айтып берді. Дөңгелек үстел жұмысына «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 4 курс студенттері белсенді қатысты: Хамза Ә.Х. “С.Ж. Асфендияровтың тарихи ұрпағы”, Акылбекова А.Ж. және Абдуманапова У.К. – “С.Ж. Асфендияров медицинаның негізін қалаушы ретінде” тақырыбында бірлескен баяндама жасады. Сонымен қатар, студенттер Бейсенова Д.Р., Кеңесова К.К., Жансериков А.Ж. өз жұмыстарын баяндады.
Дөңгелек үстел соңында Ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі Саякова Г.М. қорытындылап, кафедра қызметкерлеріне тұрақты ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, студенттерге белсенділігі мен шығармашылығы үшін алғысын білдірді.