«Жақсылық жасау әркімнің қолынан келеді»

Фармация мектебінің декан орынбасары Ж.Ж.Жуматайқызы мен ФӨТ мамандығының з курс білім алушысы Сапар Айткулмен бірігіп, Рухани жаңғару бағдарламасы аясында «Жақсылық жасау әркімнің қолынан келеді» атты акциясы бойынша іс-шара ұйымдастырып «Фармация және Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2 курс білім алушыларын «ЖАНҰЯ» және «СЕНІМ» балалар үйіндегі балалардың туған күндерімен құттықтап бардық. Балалардың көңіл күйлерін көтеру үшін ойындар, билер, әндер ұйымдастырдық.