«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2024» атты республикалық байқауында 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы 4 курс студенті Каирлы Дильназ Амангельдықызы жүлделі 1 Дәрежелі ДИПЛОМ иеленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2024» атты республикалық байқауында 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы 4 курс студенті Каирлы Дильназ Амангельдықызы жүлделі 1 Дәрежелі ДИПЛОМ иеленді, Астана 2024-2025. Ғылыми жетекшісі – қауымдастырылған профессор, PhD Тлеубаева Меруерт Ильясовна, «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасы.

20-желтоқсан 2024 жылы өткен Халықаралық «ENDLESS LIGHT IN SCIENCE» зерттеу орталығы ұйымдастырған ғылыми-педагогикалық мекемелер арасындағы халықаралық «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» байқауында 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы 4 курс студенттері 1 Дәрежелі ДИПЛОМ иеленді:

 

Каимова Мукадас Талиновна, ғылыми жұмыс тақырыбы: «БҰҚТАРМА ШАТЫРАҒЫ (SESELI BUCHTORMENSE L.) ӨСІМДІГІ ШАТЫРШАГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ӨКІЛІ»

Махажан Ақдана Ерланқызы, ғылыми жұмыс тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖҰМСАҚ ДӘРІЛІК ЗАТТАРҒА ТАЛДАУ»

Ғылыми жетекшісі – қауымдастырылған профессор, PhD Тлеубаева Меруерт Ильясовна, «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасы.