Жүз жасаған – Жамбыл!

06.10.2021 күні №2 корпус ғимараты 105 аудиторияда Фармация мектебінің Фармация мамандығының 3 курс ФА19-002-1к тобының студенттері жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арнап кафедрамыздың ардагері Жарымбетов Құрақбай Байсейтовичтің жетекшілігімен «Жүз жасаған – Жамбыл» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағаты барысында Жамбыл атамыздың өмірі, шығармашылығы және ерліктері туралы баяндалып, өлең-жырлар арналды.

Жамбыл Жабаев Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде туған. Ол жасынан өлең – жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім – Сүйінбай…» деп Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған.

Ұлы жырау қазақ халқын, оның поэзиясын бүкіл әлемге жария етті. 1938 жылы Жамбылдың шығармашылық өнерінің 75 жылдығын тойлағанда, оған әлемнің әр түкпірінен құттықтаулар келді. Ромен Роллан, Мартин Андерсен, Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20-ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше аудандарға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына, мектептерге, көшелерге берілген.

Жамбыл 1919 жылы Жетісу халық ақындары бас қосқан слетке қатысты. 1934 жылы республикалық өнер шеберлерінің тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түсті. «Замана ағымы», «Белсенділерге», «Қазақстан тойына», «Жастар алдындағы сөз» сияқты арнау, толғаулары осы тұста жырланды.

Тәрбие сағатына кафедрамыздың ПОҚ мен меңгерушісі Кайрат Сапарханович, Инженерлік кафедра меңгеруші Қалданай Қаржауовна және студенттер қатысты.

Сонымен қатар, тәрбие сағатын ұйымдастырған ФА19-002-1к тобы мен Құрақбай Байсейтовичке қатысушылар өз тілектері мен ыстық ықыластарын білдіріп, алғыстарын айтты.