КУРАТОРЛЫҚ ТОППЕН САХНАЛЫҚ ӨНЕРГЕ САЯХАТ!

26.04.2023 ж, Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының ассистенті Конаш Нышанбай Ермекұлы ТФП 20-013К тобы студенттерімен түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрына барып қайтты.

Театр – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі екенін студенттердің бойына терең ұғындыруды көздеген куратор Нышанбай Ермекұлы халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы ретінде қолдана білгендей.

Студенттер әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіруін, драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жіберуін өз көздерімен көріп, сахналық өнерге таңғалыстарын жасырмады.

Студенттерге театр әлеміне саяхаттау есте қаларлықтай әсерлі болды және табиғи тәрбиелеу құралы ретінде ұнады.