Мұражайға саяхат

31.03.2023 жылы кафедра аға тәлімгері Рахымбаев Н.А. ТФП21-033 тәлімгерлік тобымен ҚазҰМУ тарихы мұражайына саяхат жасады.
ҚазҰМУ тарих мұражайы 2001 жылы ашылды, 2008-2009 оқу жылында 280 шаршы метр аумақта көрме залдарына толық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа 54 витрина, 3 подиум және 2 турникет заманауи дизайнға сай жасалған, қызықты материалдармен безендірілген. Онда ежелгі және ортағасырлық медицинаның негізгі кезеңдері, ұлы қыпшақ Әл-Фарабидің медициналық мұрасы, қазақ халық емшілігі, 19 ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі мемлекеттік медицинаның дамуы, ҚазҰМУ тарихы көрсетілген.