НИРС КРМУ

Білім алушылардың ғылыми-практикалық конференциясы

29-30 қараша 2024 жылы “Қазақстан-Ресей медициналық университеті” МЕББМ, “Медицинадағы жастар: зерттеулер, тәжірибе, жетістіктер” атты республикалық жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференция өтілді.

Конференция секциялары:

1.«Төтенше жағдайлар медицинасындағы, фармациядағы және денсаулық сақтауды ұйымдастырудағы заманауи трендтер» (Қоғамдық денсаулық сақтау, Фармация, Гигиена және эпидемиология, Төтенше жағдайлар және жедел медициналық көмек медицинасы кафедралары).

2.«Болашақ дәрігерлерді қалыптастыруда мәдениет пен технологиялардың интеграциясы» (Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, Тіл пәндері, Физкультура кафедралары).

Республикалық жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясына С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация, Жалпы медицина мектебінің 2 курс білім алушылары Султанбек А.Н., Нуржаубаев Б.Н. «Стерильді дәрілік қалыптар өндірісінде электроинженерлік жүйелерді модернизациялау» тақырыбында қатысып, 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекші: PhD доктор, ғылыми атағы жоқ Қауымдастырылған профессор Жусипбекова Шолпан Ерлепесовна.