2025 жылғы 21 ақпанда «Профессорлық оқулар» циклі аясында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Академиктер залында Фармация мектебінің «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасы ұйымдастыруымен қауымдастырылған профессор, PhD Тлеубаева Меруерт Ильясовна «Халыққа фармацевтикалық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптері. Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібі» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріске «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасының профессор – оқытушы құрамы және Фармация және Фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламасы білім алушылары қатысты. Дәріс барысында Қазақстан Республикасында фармацевтика саласын дамытудың заманауи мәселелері, фармацевтика өнеркәсібін дамытудың алғышарттары, сондай-ақ халыққа фармацевтикалық көмекті ұйымдастыру бойынша мәліметтер берілді.