Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
2022 жылдың 23 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» саясатын жүзеге асыру аясында «Биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы» ҚР-дағы өзекті мәселе жайлы іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараға 2 курс студенттері қатысты. Бағдарламада негізгі тақырыпқа байланысты пікірлер айтылып, әрбір студент өз ойын ашық білдіріп, осы бір мемлекетімізде белең алып жатқан әрі өрісін кең жайған «сыбайлас жемқорлық» туралы іс-шаранын тақырыбын толық қамтыды .Сонымен қатар, студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қалай жүргізуге болатыны жайлы пікірлерімен білдірді. Студенттер жемқорлық бойынша жүргізген сауанама нәтижелерімен бөлісті. Бағдарлама соңында кафедра оқу ісінің меңгерушісі Милисова Н.Б. сөз сөйлеп, студенттерге алғысын білдірді. Қамтылуы – 15 адам.