«Фармацияның ғылыми мектебін қалыптастыру және дамыту перспективалары: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

Сіздерді профессор Р.Д.Дильбархановты еске алуға арналған «Фармацияның ғылыми мектебін қалыптастыру және дамыту перспективалары: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы VI халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция жұмысының жоспарланған бағыттары:

  1. Фармацевтикалық қызметтің ұйымдастырушылық-экономикалық мәселелері және дәрілік препараттар нарығын маркетингтік зерттеу.
  2. Заманауи технологиялар, синтетикалық, табиғи дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдар өндірісі.
  3. Дәрілік препараттардың сапасын бақылау және стандарттау
  4. Дәрілік өсімдік шикізатын фармакогностикалық талдау, өсімдік препараттарын стандарттау.
  5. Клиникалық фармацияның, фармакологияның және клиникалық фармакологияның өзекті мәселелері.
  6. Космецевтика мен косметологияның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары.
  7. Қазіргі заманғы биологиялық / биотехнологиялық дәрілік препараттар. Әзірлеудің өзекті мәселелері және пайдалану перспективалары.
  8. GXP шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын қамтамасыз ету тұжырымдамасы.

Конференцияның өтетін күні мен орны:

Конференцияның өтетін күні мен уақыты: гибридті (бетпе-бет және онлайн Webex meet платформа), 28 маусым 2024 ж. сағ.10.00

Конференцияның өтетін орны: Алматы қ., Төле би к-сі, 94, “Фитотека” конференц-залы.

Конференцияға қатысу нысандары:

  • бетпе-бет (баяндама жасау және мақаланы/тезистерді жариялау);
  • стендтік баяндама және жарияланым;
  • сырттай (тек мақала/тезистерді жариялау).

Ұйымдастыру жарнасы-3000 тг.

KZ666010131000122045KZT

Кбе 18

БСК HSBKKZKX

БСН: 091040007937

СТН Банка 600 700 622275

АО «Народный Банк Казахстана»

КНП 859

Іс-сапар шығындарын жіберуші тарап төлейді.

Қатысуға өтінімдер мен мақалаларды жіберу мерзімі.

Конференцияға қатысуға өтінімдер мен мақалалар / тезистер электрондық түрде электрондық поштаға қабылданады [email protected]

Конференцияға қатысуға өтінімдер және жариялауға арналған мақалалар/тезистер 2024 жылдың 17 маусымына дейін қабылданады (1-қосымша).

Мақалалар / тезистер *doc форматында сақталған электрондық нұсқада ұсынылады. Бір файлда бір мақала болуы керек.

Файл атаулары орыс тіліндегі бірінші авторға сәйкес келуі керек (аты-жөні.doc). Егер бір автордың екі мақаласы берілсе, онда файлдар араб цифрларымен нөмірленеді (аты-жөні.1.doc). Қатысуға өтінім жеке файлмен тіркеледі (аты-жөні-өтінім.doc немесе аты-жөні 1-өтінім.doc).

Мақаланың/тезистің мәтіні және қатысуға өтінім мына мекенжайға электрондық пошта арқылы жіберілуі тиіс: [email protected] (жіберу кезінде “тақырып” бағанында көрсетіңіз – конференция). Сіз көрсеткен электрондық мекенжайға мақаланы/тезистерді алу туралы хабарлама жіберіледі.

Жол жүру конференцияға қатысушылар есебінен жүзеге асырылады. Қатысушылардың қалауы бойынша жатақханада тұру беріледі.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмеген жағдайда материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Талаптарға сәйкес ресімделмеген немесе көрсетілген күндерден кеш берілген материалдар қабылданбайды.

Бір автордан екіден артық емес мақала қабылданады.

Жарияланымдарды ресімдеуге қойылатын талаптар: Вестник КазНМУ (2-қосымша)

https://kaznmu.kz/

https://kaznmu.edu.kz/rus/kak-razmestit-statju/

Байланыс телефондары: +77023610145-Алимова Урзия Суннатуллаевна

Құрметпен, конференцияны ұйымдастыру комитеті

Приложение KZ VI МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ