10.04.2023 жылы Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының ассистенті Конаш Нышанбай Ермекұлы «Фармация» мамандығының 4 курс ФА19-003к топ студенттерімен «Фармациядағы заманауи ақпараттық технологиялар» пәні бойынша ашық сабақ өтті. Сабақ тақырыбы: «Дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалау және жанама әсерлерін бақылау саласындағы ақпараттық жүйелер».
Сабақтың мақсаты – дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалау және жанама әсерлерін бақылау саласындағы ақпараттық жүйелерді зерттеуде TBL және CBL әдістерін қолданып студенттердің білімін, дағдыларын және тәжірибелік маңыздылығын қалыптастыру.
Сабақ барысында бастапқы білімдерін тексере отырып, студенттерді шағын топтарға бөліп, интерактивті әдістерді қолдана отырып берілген тақырыпта әр түрлі тапсырмалар орындалды. Атап айтқанда, көрнекті материалдарды (презентация, постер) қарастыру және талқылау; нақты мәселені шешу бойынша дебаттар және ситуациялық есептер; берілген материалды бекіту бойынша тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар, Kahoot ойыны болды.
Ашық сабаққа «Фармация» ББК мүшелері және кафедра оқытушылары қатысты.