ФАРМАЦИЯ МЕКТЕБІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ КӨРМЕСІ

2022 жыл, қазан айының 22 жұлдызында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебінің профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен Фармация мектебінің ғылыми-практикалық және оқу-әдістемелік жетістіктерінің көрмесі өтті.
Көрмеде төмендегі тақырыптық бөлімдер бойынша профессор-оқытушылар құрамының ғылыми және әдістемелік еңбектері ұсынылды:
– фармацевтика ғылымдары саласындағы ғылыми монографиялар, оқу-әдістемелік кешен, оқулықтар, оқу құралдары;
– Фармация мектебі кафедраларының және фармацевтикалық компаниялардың өндірушілерінің фармацевтикалық әзірлемелері.

Көрменің мақсаты-түрлі салалардағы ғылыми-практикалық қызметті насихаттау, республикада ғылымды дамытуға жәрдемдесу және түрлі отандық жетістіктерді таныстыру болды.
Көрмені ҚазҰМУ проректоры фарм.ғ.д., профессор Датхаев Убайдилла Махамбетович ашып беріп, Фармация мектебінің ПОҚ алдағы оқу жылына табыс тілей отыра, жасаған ғылыми жаңалықтары үшін үлкен алғысын білдірді.
Фармация мектебінің деканы фарм.ғ.д., профессор Сакипова Зуриядда Бектемировна көрмедегі ғылыми еңбектерге тоқтала отыра, өзінің басқарып отырған Фармация мектебінің кафедралар ұжымына зор табыс тілеп, алғысын білдірді.

Көрмеге «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасы белсене қатысты. Кафедра ұжымы өздерінің ғылыми еңбектерін, атап өтсек монографиялар, әдістемелік нұсқаулар, кітаптар, өнертабыстарқа патенттер, ғылыми еңбекке берілген авторлық құқықтарын көрмеге ұсынды.