«Қазақстандағы АИТВ/ЖИТС профилактикасы» тақырыбындағы тәлімгерлік сағаты

18 қараша 2025 жылы Фармация мектебінің «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс ФӨТ 22-017, ФӨТ 22-018 топ білім алушыларымен топ тәлімгері PhD, кафедраның ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры Рахымбаев Нұрғали Аманбайұлы тәлімгерлік сағатын өткізді. Іс-шара 2024-2027 жылдарға арналған әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспарының 11-тармағына сәйкес «АИТВ/ЖИТС профилактикасы» бағыты аясында ұйымдастырылды.

Тәлімгерлік сағаттың тақырыбы – «Қазақстандағы АИТВ/ЖИТС профилактикасы». Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары, жастар арасында қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, стигма мен дискриминацияны төмендету мәселелері талқыланды. Студенттерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, ақпараттық сауаттылықты арттыру және қауіпті жағдайлардың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл іс-шара білім алушылардың қоғамдағы маңызды әлеуметтік-медициналық мәселелер туралы хабардарлығын арттыруға, жауапты көзқарас қалыптастыруға және қауіптің алдын алу мәдениетін нығайтуға бағытталды.