Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасы оқытушыларының басшылығымен және “Фармация” мамандығы бойынша Фа17-002-02, 003-02, Фа16-001-02 тобының студенттерінің қатысуымен Алтын орда,6а,с. Абай мекен-жайында орналасқан «Перзент» отбасы үлгісіндегі қайырымдылық балалар үйінде қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
02.11.2019 ж. фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының лекторы Серикбаева Э.А. , оқытушылары Сейтова Ж.Д. , Әбілқасымова Ә.М. және “Фармация” мамандығы бойынша Фа17-002-02, 003-02, Фа16-001-02 тобының студенттері балалардың оларға деген мейірімділіктен бақытты түрлерін көріп, көңіл-күйлері толқып, рухани демалып қайтты. Осындай бірге өткізілген аз уақытта кішкентай балаларға осынша қуаныш сыйлағанына риза болды.
“Перзент” балалар үйінің директоры – Әмина қажы Әжібаеваның бір берген сұхбатында: “Перзент” балалар үйінде қазір 50-ге жуық бала тәрбиелену үстінде. Ең үлкені 25, ең кішісі 2 айлық бөбек. Биыл 10-ы студент атанып, жаңа оқу жылына дайындалуда. Және бүгінгі ұйымдастырылған шаралары “өзгелерге үлгі болса екен”дейді. Әмина қажы өзінің жұмыстарын тоқтата тұрып, келген қонақтарына назар аударды. Оның айтуы бойынша бұл балалар үйі бастапқыда 15 баламен басталған және қазіргі таңда осындай дәрежеге жетуі үлкен еңбекті қажет етті.
Тәрбиеленушілердің әрқайсысының жүрегіне жол табу үшін олардың алдында жүрегің ашық болуы керек. Олар қандай болса, сол қалыптарында жақсы көрген абзал. Ұлы жазушы, әрі педагог Л.Н.Толстой : “Егер тәрбиеші өз жұмысын сүйсе және тәрбиеленушілерін сүйе білсе ғана – ол жақсы педагог”- деген пікірі дәл айтылған.
Балалар үйінің тәрбиеленушісі тәрбиешісін анасы, досы, ұстазы деп таниды. Кеудесіне “бұл менің елім, менің жерім” дейтін сенім ұялата білген жас қана өз елінің шынайы патриоты бола білмек. Ол үшін “баланы жастан” дейтін халық даналығын естен шығармасақ болғаны. Жас ұрпақты патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қызмет ететіні еш күмән туғызбайды.
Елбасы 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында «Біз өзіміздің болашағымызды, балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген. Ендеше, болашағымыз білікті, отансүйгіштік қасиетті қанына сіңірген қабілетті болуы үшін ат салысайық.