Әбіл Ақерке Күншығарқызы
Кураторлық есебі
Топ:ФӨТ-22-015
ФӨТ-22-015 топ студенттерімен 03.04.2023 жылы «Ұлтаралық достықты, этносаралық толеранттылықты нығайту» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Кіріспе. Мұғалім сөзі: Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Біздің елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Ұмтылу жолы өте ауыр. Қанына, бойына, санасына мықты рухты күшті сіңірген қазақ еліне бұл зілді болмауы тиіс. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық.Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді. Бізбен көршілес кей елдердегі, тіпті алыстағы көптеген мемлекеттер өз ішінде дау-дамай туғызып, жанжалдасып, қанды шайқасқа дейін баратындары жайлы құлағымыз естіп, көріміз көрген Бүгінде елімізде этносаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің қазақстандық өзіндік үлгісі қалыптасқан. Бұл қазақстандық үлгінің астарында «алуан түрлілік арқылы тұтастыққа» деген халқымызды біртұтастыққа шақырушы ұстаным жатыр. Бұл ұстанымның еліміз үшін бағасы қашанда қымбат болған! Және алдағы уақытта да қымбат бола береді. Өйткені, елдік ұстаным осы!
Біз өркениетке баға жетпес асыл қасиеттеріміз – бейбітшіл пейілімізбен, келелі келісімпаздығымызбен, жұдырықтай жұмылған бірлігімізбен еніп отырмыз, деді ол. Одан әрі шешен БАҚ-тың қоғамдағы орнына жоғары баға берді. Біріншіден, БАҚ қоғамда пікір қалыптастырушы құрал, екіншіден, азаматтардың санасының дұрыс қалыптасуына бағдар беруші, үшіншіден, «БАҚ» деген сөздің өзі «бақыт» сөзінің қысқа нұсқасы болып, еліміздің бағы мен бағасын арттырушы күш болып отыр емес пе, деді. Бүгінгі басқосуымыздың негізгі себебі – білгенімізбен бөлісіп, үлгі боларын үйреніп, қоғамды алға бастыруға жаңа әдістер табу, деп жалғастырды өзінің сөзін ол. Бүгінгі Қазақстан халқымыздың этностық, мәдени және діни айырмашылықтарын елдің мызғымас бірлігінің ресурсына айналдыра білді. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында этносаясаттың негізгі бағдарын былай деп айқындаған еді: біріншіден, әрбір қазақстандық өзінің этностық, діни ерекшеліктеріне қарамай, елдің тең құқылы азаматы; екіншіден, қазақ халқы және қазақ тілі қазақстандық азаматтық қоғамның мызғымас ядросы; үшіншіден, біз бәріміз – бір ел, бір – халықпыз. Осы бағдар біздің мәңгілік ұстанымымыз.
Студенттермен жұмыс: «Сөз мәйегі – мақал» әдісі
• Студенттер достық, татулық туралы мақал-мәтелдерді айтады.
Қорытынды:
Қорытындылай келе біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы – Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады», деген дана бабаларымыз. Сондықтан да атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын бірлігіміз бен берік етсін.