Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Қазақстан-Ресей медициналық университетінің» «Фармация» кафедрасының аға оқытушысы Тулегенова Айгерим Рыскелдиевна 2021 жылының 29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында ФА18-002-01к және ФА18-001-02к топтарының білім алушыларына «Фармацияның баскарылуы және экономикасы» пəнінен сабақ жүргізді.
30 қараша мен 7 желтоқсан аралығында академиялық ұтқырлық шеңберінде тәжірибе алмасу мақсатында «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы жəне экономикасы жəне клиникалық фармация» кафедрасының оқытушысы Муканова Арайлым Бейбитқызы «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» «Фармация» кафедрасының «Фармация мамандықтары бойынша басқарушылық шешімдерді дайындау» пәні бойынша 403 А,Б және 404А,Б топтарында тəжірибелік сабақтарды жүргізді.