Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2022 жылғы 23 мамырда Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының ассистенттері М.З.Аширов, Н.А. Рахымбаев және Ж.Д Сейтова Алматы қаласы Республикалық жоғары медициналық колледжінің директоры Рузденова Найля Бексаутқызымен, сондай-ақ 3 курс бітіруші түлектерімен кездесу ұйымдастырылды.
Түлектер 6В04101 – «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриаттың жаңа мамандығына қабылдау туралы ақпарат алды, сондай-ақ ҚазҰМУ-ға оқуға түсуге болатын басқа мамандықтар туралы білімдерін тереңдетті. Кездесу барысында мектеп оқушылары мен мұғалімдері мамандықтың толық сипаттамасымен, бейіндік пәндер тізімімен, осы білім беру бағдарламасы бойынша оқу үшін ҰБТ-да таңдау қажет пәндер тізімімен, Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі университеттің рейтингісі туралы, жарқын және қызықты студенттік өмір туралы, сондай-ақ біздің түлектеріміздің перспективалары туралы презентациямен танысты
Оқушылар осы мамандыққа қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды. Біз оларды жаңа оқу жылында студенттеріміздің қатарынан көреміз деп үміттенеміз!