‘‘АЛҚЫЗЫЛ ЖЕЛКЕН’’

16-18 мамыр 2019 жылы фармация мектебінің студенттерімен «Алқызыл желкен» қойылымын көруге “Dosfarm” компаниясының қолдауымен Алматы кинотеатрларына: Chaplin Cinemas, Lumiera Cinema, Silk way City саяхат жасалды.

Ұйымдастырушылар: Фармация мектебі, жастар саясатының басқармасы мен тәрбие жұмысына жауапты Шекеева К.К.

Режиссер: Юрий Цай

Асель аптекада фармацевт болып жұмыс жасайды. Ол Қарағандыдан Алматыға “Dosfarm” компаниясының кешіне жолдау алып, интернет желісі арқылы танысқан жігітімен кездесуге асыға келе жатып, келеңсіз оқиғаларға тап болады. Көңілі ақ, ғажайыпқа сенетін Асель ертегідей өмір кешеді. Асель соңында аңсаған арманына жетеді.

Кинода актерлар жақсы таңдалып алынған. Тәрбиелік мағынасы – өте қарапайымдылыққа, адамды жақсы ойлауға, ғажайыпқа, жақсылыққа сенуге, адам жанының сұлулығына мән беруге шақырады. Мысалы, Алина мінсіз сұлу қыз болғанымен, іс-әрекеттері -теріс, көздегені ақша, мансап, ал Асель қарапайым болғанымен көздегені жай ғана қарапайым бақытқа ие болу. Жастарға адамгершілік қасиетті бойларына сіңіруге жақсы кино деп есептейміз. Армансыз адам, қанатсыз құспен тең дегендей, жақсы ой-қиялдар жақсы іс-әрекеттер тудырады, оған бүгінгі кино Алқызыл желкен сияқты туынды дәлел бола алады.

Кинода ойнаған актерлар: Ян Цапник, Бибигуль Суюншалина, Толепберген Байсакалов, Санжар Мади, Юлия Маргулис, Глеб Смольков, Айнур Ниязова, Бахытжан Альпеисов, Мурат Мукашев, Диана Холловей, Василий Уриевский, Даулет Абдыгапаров.