Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 20.03.2019 күні сағат 08:00 де 103 аудиторияда кафедра мұғалімі У.К.Кутпаеваның жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 2 курс ФА 17 – 006 – 01 Р топ студенттерімен «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыбы: «Әртүрлі топтағы фармацевтикалық тауарларды сақтау Тауарқозғалысының барлық этапында медициналық мақсаттағы тауарларды сақтау және тасымалдау».
Сабақтың мақсаты: Студенттерге әр түрлі топтарға кіретін дәрілік заттарды дұрыс сақтауды ұйымдастыруды үйрету. Дәрілік заттардың фармакологиялық топтары, токсикологиялық қасиеті бойынша және әр түрлі сыртқы факторлардың қатысуы, қолданылу тәсілі бойынша топтастыруды үйрету.
Міндеті: Тауартану жүйесі деңгейлерінің топтарын, медициналық және фармацевтикалық ұйымдарды тауарлармен қамтамасыз ету мекемелерінің функциялары мен міндеттерін оқу
Сабақтың бірінші бөлімінде дәрілік заттардың физика – химиялық қасиеттері бойынша сақталу ерекшеліктерін аудиторияда талқылады. Сабақтың екінші бөлімінде дәрілік заттардың дәріханада қалай сақталатындығы жайында Фармация мектебінің оқу дәріханасында талқыланды.
Сабақ барысында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланып, жеке тұлғаның бойындағы талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту шаралары іске асты. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда ұйымшылдыққа тәрбиелеуде төмендегі сабақ түрлері – сайыс, жарыс сабағы, интегративтік сабақтар түрінде өткізілді. Комиссия мүшелері сабақ жоғарғы мектеп талаптарына сай деген қорытынды жасады.